Акне, безеудің 6 түрі және олардың қаупі

Акне (безеу, прыщи) – адамдар терісінің ең таралған жағымсыз жағдайы, өмір барысында халықтың 95% оған шалдығады. Ең жиі – жасөспірімдерде болады. Бірақ барлық жаста кездесуі мүмкін.

Акне ең жиі шығатын жерлер:

Акне шығатын жерлер тері зақымданудың ауырлығына байланысты.

Ең жиі кездесетін орны – бетте. Акне ауруының ауыр да, жеңіл түрлері де әдетте беттен басталады. Содан соң басқа жерде де шығып қалады.

Беттен басқа ең тараған Акне асқынуы арқа және иықта болады. Осы жерлерде шамамен 50% жағдайда асқынып кетеді.

Аталған жерлерге қарағанда кеудеде безеулер сирек болады, шамамен 15% жағдайда.

Акне түрлері және олардың қауіптілігі

Акне қарапайым қара нүктеден, денсаулыққа қауіпті іріңге толы кисталарға дейін асқынуы мүмкін. Нәтижесінде келбетке теріс әсер етеді және шрам пайда болуына әкеледі.

Сондықтан ауыр түрлерін анықтауды білу қажет. Акне түрлері:

Қара дақтар

Қара дақтар – Акненің ең жеңіл түрі. Осы түрін дұрыс гигиенаны сақтау арқылы асқынбайтын жағдайда ұстауға болады. Әдетте қосымша ем қажет етпейді.

Қара дақтар сығуға ыңғайлы. Бірақ оларды өз-өзінен сығу ұсынылмайды және Акне асқынуына әкелу мүмкін.

Қара түсі ішінде кір жиналғаннан емес, фолликул қабырғасы бөлінісінің түсіне байланысты.

Ақ дақтар

Ақ дақтар – қара дақтар сияқты. Бірақ қара бөлінді жиналған жердің тері сыртына ашылатын жолы бітелген. Сондықтан ақ төмпешік ретінде көрінеді. Оларды сығу өте қиын.

Папула

Папула – тері бетіндегі қызыл жұмсақ төмпешік. Өзімен-өзі папула онша қатерлі емес. Бірақ қабыну процесінің қосылып жатқанын хабардар етеді. Қабынып асқынуынан папулалардан классикалық безеулер дамиды.

Пустула

Қабынып, бактериялық инфекция қосылып, іріңге толып кеткен папула. Pus – ағылшынша ірің деген сөз. Әдетте пустуланы кәдімгі прыщи деп атай береді. Папулалар жұмсақ болса, пустулалар қаттылау болып келеді.

Пустулалардың және төменде сипаттанған одан ауыр Акне түрлерінің пайда болуы арнайы теріге күтім қажет екенін және косметолог-дерматолог дәрігерге көріну қажеттілігінің белгісі.

Нодула

Нодула – тері астында қатты және көлемі салыстырмалы үлкендеу қатты түйіндер шоғыры.

Киста

Киста – іріңге толы түйіндер. Кистаны, сондай-ақ пустулаларды, өз-өзінен сығу ұсынылмайды. Себебі инфекция таралуының қаупі бар. Киста дұрыс емделмеген жағдайда тыртық (шрам) қалуының қаупі өте жоғары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған