Жылап жатқан сәби баланы қалай тыныштандыруға болады?

Жылап жатқан баланы тыныштандыру үшін келесі әдістерді қолдануға болады. Әр нәрестенің ерекшелігі болады. Сондықтан кейбір әдістер басқаларға қарағанда нәтижелі болады:

Нәрестені емізетін болсаңыз, емізіп көріңіз.

Жұмсақ шу (белый шум), табиғат, теңіз шуы, тыныштандыратын музыка қосып көріңіз. Бұл нәрестенің назарын аударуға көмектеседі.

Кейбір сәбилер төсеніш ретінде кішкене шүберек немесе көрпе қолданғанды ​​ұнатады. Оны дүкеннен алуға болады. Және анасының төсегінде жатып, иісін сіңірсе, жақсы нәтиже береді.

Балаңызды қолға ұстаңыз немесе кенгуруға салыңыз. Ең кішкентай сәбилерге арналған жеке гамак та болады.

Ақырын нәрестені қозғалыңыз, тербеліңіз немесе нәрестені алып, билеңіз, сөйлесіңіз және ән айтыңыз.

Балаңызды арбада алға-артқа тербетіңіз, үйдің ішінде серуендеңіз.

Сәбиге тыңдайтын немесе қарайтын нәрсе табыңыз. Бұл радиодағы музыка, сылдырмақ, төсек үстіндегі ұялы телефон немесе Яндекс станциясы болуы мүмкін.

Балаңыздың арқасын жұмсақ және біркелкі ырғақпен сипалап көріңіз. Баланы өзіңізге қаратып ұстаңыз немесе тізеңізде бетін төмен қаратып жатқызыңыз.

Балаңызды шешіндіріп, оны массаждап уқалаңыз. Балаңыз бір айға толғанға дейін майларды, лосьондарды қолданбаңыз. Массаж істеу кезінде жұбатып сөйлесіңіз және бөлмені жеткілікті жылы ұстаңыз. Нәрестелерге массаж курстарын тауып, арнайы массаж түрлерін үйренуге болады, немесе үйге келетін массажист табуға болады.

Жылы ваннаға түсіріп көріңіз. Бұл кейбір нәрестелерді лезде тыныштандырады. Бірақ басқаларды керісінше, одан сайын қоздырып қояды.

Сақ болыңыз, кейде нәрестеге тым көп көңіл бөліп, тербетіп, ән айтып, балаңыздың ұйықтап кетуіне кедергі боласыз және шаршатып қоясыз.

Нәрестенің жылау немесе мазасыз болуының барлық себептері және жұбату әдістері туралы analar.kz нұсқаулығынан оқыңыз.