Жаңа туған сәби баланың жылау себептері

Барлық жаңа туған нәрестелер жылайды. Жылау – балаңыздың сізге жайлылық пен қамқорлық қажет екенін айту тәсілі. Кейбіреулері аз, басқалары тоқтамай жылайды. Әр бала ерекше болады.

Кейде баланың жылау себебін анықтау оңай болады, ал кейде бірталай ой-өнерін қажет етеді.

Жаңа туған бала жылауының ең көп тараған себептері осындай:

  • Қарны ашады.
  • Лас немесе дымқыл подгузник. Кейде дымқыл болмаса да, зәрге толып, қысып, ыңғайсыздық тудырады.
  • Шаршау. Жаңа туған нәресте тәулігіне 18 сағатқа дейін ұйқыны қажет етуі мүмкін.
  • Құшақтасқысы келеді.
  • Жел, іш ауру. Қазіргі заман медицина қалай дамыған болса да, нәрестенің іш ауруын емдейтін тиімді дәрісі әлі жоқ. Пробиотик, пребиотик, көпіршіктенуге қарсы дәрілерді қолданудың нәтижесі шектеулі.
  • Тым ыстықтау немесе жауырау. Нәрестелердің зат алмасуы ересекке қарағанда белсенділеу.
  • Зерігу. Нәрестеге қоршаған әлемді зерттеу керек.
  • Шамадан тыс ынталандыру, қозуы. Нәресте рецепторлары және жүйке жүйесі әлі даму барысында. Сондықтан шамадан көп қозған кезде кейде тыныштануға қиын болады.

Кейде нәрестенің тоқтамай жылайтын және оны жұбата алмайтын кездер болуы мүмкін.

Тоқтамай жылайтын кездер әсіресе күн бата бастағанда жиі болады. Бұл кез қиын болуы мүмкін, өйткені ол адамның ең шаршаған және жатып дем алуға келетін уақыт.

Нәрестелер жылайтын жиілігі мен күші өмірдің 4-8 аптасында ең жоғары деңгейге жетеді, содан кейін бірте-бірте басылады.

Нәрестенің жылау немесе мазасыз болуының барлық себептері және жұбату әдістері туралы analar.kz нұсқаулығынан оқыңыз.