Балаға 12 айдан кейін берілетін қосымша тағамдар

Балаға 12 айдан кейін берілетін қосымша тағамдар: 12 айдан бастап сіздің балаңыз күніне 3 рет тамақтанатын болады. Берілетін тағамдары:

  • Күніне кемінде 4 порция картоп, нан және күріш сияқты крахмалды тағамдар.
  • Күніне кемінде 4 порция жемістер мен көкөністер.
  • Кем дегенде 350 мл сүт немесе 2 порция сүт өнімдері.
  • Күніне кем дегенде 1 порция жануар ақуызы (ет, балық, жұмыртқа) немесе 2 өсімдік ақуыздары (дал, бұршақ, ноқат, жасымық).
  • Сіздің балаңызға тамақ арасында 2 пайдалы жеңіл перекус қажет болуы мүмкін.

Тамақтандыру үшін осыларды пайдалануға болады:

  • Жұмсақ піскен алма, банан, алмұрт, шабдалы.
  • Брокколи гүлдері, сәбіз таяқшалары, қияр таяқшалары сияқты пісірілген немесе шикі көкөністер.
  • Пастерленген кәдімгі майлы йогурт.
  • Ірімшік таяқшалары (тұзы аздау түрін алыңыз).
  • Нан, шелпек.
  • Күріш, жүгері (қосымша тұз, қант қоспаңыз).

Емшек сүтімен емізуді екеуіне де қолайлы болғанша жалғастыра аласыз (2 немесе одан да көп жылға), бірақ көбірек тағамға орын беру үшін балаңызға емшек сүті азырақ қажет болады.

Балаңыз 12 айлық болғанда, емшек сүті негізінде онша қажет емес, бірақ пайдалы.

Сіздің балаңыз енді кәдімгі сиыр сүтін сусын ретінде іше алады. Толық майлы сүт өнімдерін таңдаңыз, өйткені 2 жасқа дейінгі балаларға олардағы витаминдер мен қосымша энергия қажет.

2 жастан бастап, егер бала жақсы тамақтанатын және жақсы өсетін болса, жартылай майсыз сүтті ішуге болады.

5 жастан бастап 1% майлы және майсыздандырылған сүт те жарай береді.

Нәресте өмірінің бірінші жылдағы әр айға сәйкес келетін тағамдар тізімін Analar.kz нұсқаулығынан оқуға болады.