Нәресте дәретінің 5 жиі кездесетін өзгерісі, іш бітелу, тартылу, жүру

Жаңа туған нәресте нәжісінің кейбір өзгерістері аурудың немесе медициналық көмекті қажет ететін даму ерекшелігінің белгісі болып табылады. Ата-аналар осындай белгілерді анықтауды, қалыпты жағдайдан ажыратып білуді және сәбиге қажетті көмекті ұйымдастыруды білу тиіс.

Бірақ алдымен қалыпты жағдайда болатын нәресте нәжіске тоқталып кетейік. Сонымен қатар мақаланың соңында нәрестеде іш қату кезінде дәретті ынталандырудың жапон аналарының әдісін оқыңыз.

Бала өмірінің алғашқы 7 күнде қалыпты нәжісі қандай болады

Бала нәжісінің түсі мен консистенциясы туылғаннан кейін алғашқы 7 күннің ішінде бірнеше өзгеріске ұшырайды. Кейбір сәбилер белгіленген нормадан сәл ауытқиды және бұл қалыпты дамудың ерекшелігі болады. Нормаларды білу, қатты ауытқуларды дер кезінде анықтауға және бала денсаулығына уақтылы көмек көрсетуге мүмкіншілік береді.

1-2 күн:

Баланың үлкен дәреті өте қою және жабысқақ болады. Осындай нәжісті меконий деп атайды. Әдетте күніне 1 немесе 2 рет болады.

3-4 күн:

Балаңыздың дәреті қою жасыл түске ұқсайды. Күніне 2 немесе одан да көп үлкен дәрет болуы мүмкін.

5-6 күн:

Балаңыздың дәреті жұмсақ және сары түске ауысады. Бұның себебі ішектері меконийден тазарып, көбірек тамақтанудан өмірдің бірінші жарты жылына тән нәжісі қалыптасады. Күніне 2 немесе одан да көп үлкен дәрет болады.

Әрине аталған күндер ол норманың ең жиі кездесетін түрі. Кейбір нәрестелер 5-ші күнге жетпей сары нәжісті шығара бастайды және бұл қалыпты дамуының нұсқауы болып саналады. Әсіресе жақсы тамақтанатын нәрестелер сары нәжіске ертерек ауысады.

Бала нәжісі сары, сары-қызғылт, немесе сары-қоңыр түстес және ботқа тәрізді жұмсақ

Бала нәжісі сары, сары-қызғылт, немесе сары-қоңыр түсі емшек сүтімен тамақтанатын сәбилер үшін қалыпты түс болып саналады.

Консистенциясы жұмсақ, ботқа тәрізді, құрамында ұсақ тұқымдар сияқты қосындылар болады. Бұл да емшек сүтімен тамақтанған сәбиге қалыпты нәжіс.

Сары-қоңыр түсті нәжіс жасанды формуламен тамақтанатын сәбилерге және алты айдан үлкен сәбилерге тән.

Иісі қышқыл немесе сірке сияқты, түсі қалыпты сары, сары-қызғылт нәжіс

Иісі қышқыл нәжіс көбінесе ана сүтімен тамақтанатын нәрестелерде өмірдің алғашқы 6 айда кездеседі. Бұл қалыпты жағдай немесе ас-қорыту жүйесінің даму ауытқуларының белгісі болуы мүмкін.

Нәжістің қышқыл иісі түскен тамақтың толығымен қорытылмағанның белгісі болады.

Нәрестелердің ас қорыту жүйесі толығымен қалыптаспаған. Сондықтан қышқыл иісі қалыпты жағдайда да кездеседі.

Қалыпты жағдайдың даму ауытқуынан айырмашылығы – нәресте салмағы. Егер нәресте салмақты қалыпты шекарасында қосып жатса, онда қышқыл иісі қалыпты жағдайдың шеңберінде болып саналады.

Егер нәресте нәжіске қышқыл иісінің қоса салмақтың артуы қалып жатса, педиатр дәрігерге хабарласыңыз. Өйткені бұл ас-қорыту жүйесі дамуының ауытқуы болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта нәресте тамақтандыру бойынша дәрігер-мамандар да болады.

Нәрестенің нәжісі бозғылт немесе ақ түсті

Нәрестенің нәжісі бозғылт немесе ақ түсті болып кеткенін байқасаңыз, дәрігеріңізден медициналық кеңес алыңыз. Себебі бұл бауыр ауруының белгісі болуы мүмкін.

Қалыпты жағдайда бауырдан ас-қорыту жүйесіне өт бөлініп тұрады. Өттің құрамындағы билирубин және биливердин пигменттері оған сары-жасыл түс береді.

Ас-қорыту жүйесіне түскен билирубин және биливердин нәресте нәжіске қалыпты сары-қоңыр түсті береді.

Нәресте нәжісі ақ түсті болуы, ас-қорыту жүйесіне өт бөліну бұзылуының белгісі.

Бала нәжісі қызыл немесе қара түсті, немесе нәжісте қызыл түсті сызықтар мен қосындылар

Бала нәжісінің қызыл немесе қара түсі, нәжісте қанның болуы және ас-қорыту жүйесінде қан ағуының белгісі болуы мүмкін.

Нәрестелердің ас-қорыту жүйесі толығымен дамымаған болғандықтан, ересектерге қарағанда ауытқулар жиірек кездеседі. Оның ішінде қан ағысымен болатын жағдайлар мен жарақаттар.

Ас-қорыту жүйесінің төмен бөліктерінде ағып жатқан қан нәжісте ашық қызыл түстес болады. Ал жоғары бөліктерінде ағатын қан қорытылып, құрамындағы темір нәжіске қара түс береді.

Нәжісте қан белгілерін көрсеңіз немесе күдіктеніп болсаңыз педиатр дәрігеріне хабарласыңыз. Қан ағуын тексеру үшін копрограмма анализін тапсыруға болады.

Жүзім, кішкентай домалақтап, шоғырланған домалақтар тәріздес қаттылау нәжіс консистенциясы

Жүзім, кішкентай домалақтап, шоғырланған домалақтар тәріздес нәжіс нәрестелерде алайда қаттылау болады және іш қатудың белгісі болып табылады.

Нәрестеде іш қатқан кезде үлкен дәреттер арасындағы аралық 3 күннен көп болады, дәреті үлкен, шығуға қиын және ауырсынатын болады.

Балаңызда іш қату болса педиатр дәрігермен сөйлесіңіз, ол іш жүргізетін және ішек-қарын жұмысын қалпына келтіретін дәріні тағайындай алады.

Нәрестеде іш жүру ауытқулары

Жаңа туған және 6 айға дейін нәрестелерде жұмсақ ботқа тәріздес нәжіс кейде сұйықтау болуы мүмкін.

Алайда, бұл бір реттік болса, қалыпты жағдайдың түрі болады.

Нәрестеде қайталанатын іш өтуі диарея, қозғыш тоқ ішек синдромы немесе ішек қабыну ауруының белгісі болуы мүмкін. Ондай кезде әрине педиатр дәрігерге көріну қажет.

Сақ болыңыз. Нәресте денесінде сұйықтық көлемі ересектермен салыстырғанда аз, және оларда іш жүру кезінде дене сұйықтығы деңгейі жедел денсаулыққа (немесе өмірге) қауіпті деңгейге түсіп кетеді.

Нәрестеде іш қату кезінде дәретті ынталандырудың жапон әдісін

Нәрестеде іш қату кезінде дәретті үйде ынталандыру үшін Жапонияда зәйтүн майын қолданады.

Ол үшін құлақ тазалайтын мақта таяқшасын алып, жылы сұйық зәйтүн майына малып, нәрестенің анус айналасын, ішіне кішкене ғана кіргізіп, жағады.

Бұл әдісті өзіміз қолданып көрдім. Шынымен де, қолданған күні көздеген нәтиже береді. Сондай-ақ зәйтүн майының әсері жұмсақ болады және баланың мазасына тимейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған