Сүт безі (емшек) скринингі

Сүт безі (емшек) скринингінің мақсаты – дені сау, асимптоматикалық (симптомға дейінгі кезең) пациенттерде сүт безінің қатерлі ісігін анықтау, уақтылы емдеу және емдеу нәтижесін жақсарту. Бұл скрининг Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған және барлық дамыған елдерде өткізіледі.

Осы скринингтен уақтылы өту кейде өмір мен өлім арасындағы шешім болады. Сондықтан ол маған не үшін керек деп жүрмеңіз, скринингке барып келіңіздер. Скринингтің нәтижесі халықаралық зерттеумен дәлелденген.

Скринингтен өту, сүт безінің қатерлі ісігінен әрбір бесінші өлімің болдырмауға көмектеседі. Барлық деректерді біріктіріп, есептеп шығарған – осы мақалада көрсетілген (ағылшын тілінде). Осы құтқарып қалған бесінші әйел әркім болуы мүмкін.

Логотип Analar.kz

Қазақстанда сүт безі скринингке не кіреді?

Қазақстанда 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін – маммография екі проекцияда тексеріледі. Қажет болса, терең диагностика – мақсатты маммография, сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі, трепанобиопсия, пункция, немесе аспирациялық биопсия, гистология, мамандандырылған мамандардың кеңесі кіреді. Осының бәрі керек болған жағдайда тегін өткізеді.

Мақсатты топ: 40-70 жас аралығындағы, сүт безінің қатерлі ісіктерімен бақылаудан өтпеген әйелдер.

Өту жиілігі: 2 жылда 1 рет

Сүт безінің скринингін қайдан өтуге болады?

Скринингтерді бекітілген емханада өтуге болады.

Ауылдық жерде тұраатындар үшін медициналық ұйымдардан (дәрігерлік пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, емханалар және учаскелік ауруханалар), жылжымалы медициналық кешендерден мен медициналық пойыздардан скрининг өтуге болады.

Сүт безі скринингі туралы қосымша ақпарат осында орыс тілінде.