Неге бақытсыз болып сезінемін – шектен тыс ойлаудың зияны

Осы заманда шектен тыс ойлау бақытсыздықтың ең жиі болатын себебі. Бірақ соңғы 20 жылда, оның себептерін де, күресі тәсілдерін де ғылыми тұрғыдан зерттеп болған.

Егер сіз бір мәселе туралы шектен тыс ойлап, мазасызданып жүрсеңіз, осы мақаланы соңына дейін оқыңыз. Ондай ойлардан бас тартып, қалпына келу ешқандай сложный емес. Бәрін уже зерттеп, не істеу керек екенін шығарған.

Ойланып жатқан мәселеңіз көбінесе проблема да болмайды

Зиянның 99 пайызы өзіңізден және өз ойларыңыздан шығады. Сыртқы ортаның оған қатысы жоқ. Қоршаған ортадан тек 1 пайыз жағдайда ғана шынымен проблема туындайды.

Жағдайдың көбісінде мәселе проблема емес. Сіз ол мәселе туралы қалай ойлап жатқаныңыз – проблема!

Өз-өзінен бас тартпаңыз

Алдыңызда мүмкіншілік тұрса – бас тартпаңыз. Көрген вакансияға біліктілігім жетпейді деп ойласаңыз да, резюме лақтыра салыңыз. Жазған мақалаңыз онша емес болып көрінсе де, басып шығаруға жіберіңіз.

Жауап мүмкіншілігі аз болса да, сообщение жібере беріңіз.

Шектен тыс ойлану, өз-өзінен бас тартуға әкеледі. Болдырмаңыз!

Тыныштық + уақыт = шешім

Іс жүзінде проблемалардың шешімі көп ойлағаннан табылмайды. Аз ойланғанда табылады.

  • Іздеп жүрген жауабыңызды тыныштықта табасыз, ойыңыз бен уақытыңыз бос болған кезде.

Егер мәселені шеше алмайтын болсаңыз, ол туралы ойлаудың да қажеті жоқ!

Өзіңізді кінәлаудың орнына, сұрап көріңіз

Сіз өзіңізді өткен қателіктер туралы кінәлап жатқанды байқасаңыз, өзіңізге осындай сұрақ қойыңыз;

Мен қазір өткен нәрсені өзгерту үшін немесе болашаққа әсерін жақсарту үшін бір нәрсе істей аламын ба?

Егер жауабыңыз “иә” болса, онда істеңіз. Егер “жоқ” болса әуре болмаңыз.

Іс-әрекет істеу керек, немесе әуре болмай ұмыту керек. Басқа әрекетіңіз – өзіңізге зиян!

Ойыңыз тыныштықта болу үшін – қабылдау керек

Мазасызданудан болашағыңыз өзгермейді. Кінәлаудан болған нәрсе өзгермейді. Соны қабылдаңыз.

  • Заттардың, адамдардың мінсіз болмайтынын қабылдаңыз
  • Жағдайлардың белгісіз жағы болатынын қабылдаңыз
  • Бақыланбайтын оқиғалар болатынын қабылдаңыз

Сізге олармен келісуге немесе қолдауға қажет емес. Бірақ өмірде тыныштық табам десеңіз, олардың осы өмірдің ажырамас бөлігі ретінде қабылдаңыз.

Деніңіз сау болсын. Бақытты болыңыздан.