Жаңа туған балаларға төсек таңдау және ұйымдастыру қағидалары: не сатып алу қажет және қалай таңдайды

Жаңа туған баланың төсек орнына дұрыс орын таңдау, қандай төсек алу, оған қандай қосымшалар керек және керек емес, төсекке қосымша қандай мебель керек, осы сұрақтарға жауаптарды осы мақаладан оқи аласыз.

1. Жаңа туған бала төсегін үйдің қай жерінде орналастырады?

Ең бастысы, бөбектің төсегі сіздер ұйықтайтын бөлмеде болу қажет. Ол өзіңізге де ыңғайлы, және қауіпті жағдай болғанда балаға лезде көмек көрсететін боласыз.

Қауіпті жағдайлардың алуан түрі болуы мүмкін – ішке аударылып тыныс ала алмай қалу, көрпенің астынан шыға алмау. Нәресте өзіне көмектесе алмайтындықтан өмірге қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан әрқашан өз ұйықтайтын бөлмеге жатқызыңыз.

Екіншіден, сквозняк жүрмейтін бұрышты таңдаңыз. Негізінде сәбилер төмен температураға шыдамды. Біз жауырайтын 23-градус температура оларға ұсынылған норма болып саналады. Бірақ алғашқы айлары жел-сквознякқа мүлдем шыдамайды, бірден суық тиеді. Сондықтан төсекті сквозняктан, терезеден алыс орналастырған жөн.

Дұрыс кереует (кровать) таңдау

Қазіргі заманда кереметтердің алуан түрлері бар. Бірақ егер жақсылап зерттесеңіз, таңдауыңыз мыналармен шектелетін болады:

  1. Төртбұрыш немесе овал пішіндес – негізінде айырмашылығы үлкен емес. Төртбұрышты төсекке матрастар таңдауы жақсы. Овал төсекке көбінесе сол төсекпен бірге сатылатын матрасты қолданады. Жақсы ортопедическ й матрас алатын болсаңыз, төртбурыш кереует таңдаңыз.
  2. Дөңгелегі бар немесе жоқ – төсекті бір бөлмеден екінші бөлмеге жылжытуға өте ыңғайлы. Бірақ 99% жағдайда ондай қажеттілік болмайды. Ол үшін коляска пайдалансаңыз әлдеқайда ыңғайлы, коляска дөңгелегіне чехол сатылады.
  3. Тербетілетін немесе тұрақты – осыны ойластыру қажет. Түнде сәби оянғанда, оны көп жағдайда төсек тербеліп, ұйықтауға болады. Осылайша баланы қолға үйретпейсіз. Төсектің осы функциясы өте пайдалы. Бірақ пайдасы тек алғашқы 6 айда болады. Ары қарай бала тұра бастайды да, төсекті тұрақты жағдайға ауыстырамыз. Оған қарамастан, жағдайыңыз болса, тербелейтік төсек алуды ұсынамыз.
  4. Қабырғасының жоғарғы шеті силиконмен қапталған немесе қапталмаған – баланың тісі 3-6 айдан бастап шыға бастайды да, 3 жылға дейін шығу жалғасады. Шығып жатқан тісті балаңыз кереуеттің шетіне қасиды. Силиконмен қапталмаған жағдайда ағашты краскасымен бірге кеміріп алады. Негізінде, ол көбінесе бала денсаулығына қауіпсіз болады. Бірақ кеміру дауысы да бір түрлі, заноза кіріп кетудің қаупі де бар. Сондықтан силиконмен қапталған төсек алуды ұсынамыз, тазалауға да оңай, кеміруге де төзімді, тіске де жұмсағырақ.
  5. Жататын орынның биіктігі – жататын орынның биіктігі ауыстырылатын төсек алуды ұсынамыз. Биіктіктің төрт түрі болады және сәбидің қабырғаның үстінен аударылып құлау қаупіне байланысты болады. Өте жоғары биіктіктің – сәби әлі өзі аударылмайтын шаққа арналған және оны қолға алуға ыңғайлы. Жоғары – сәби төсекте аударылатын шаққа арналған. Орташа – тізеге және аяққа тұра бастаған шақтан бастап. Төмен – бала бойының өсуіне сәйкес ауыстырады. Негізгі ережесі, бала өз басын төсек сыртына шығара алмайтын болу керек. Себебі бастың салмағы денесіне қарағанда ауыр, сондықтан аударылып құлау қаупі жоғары. Кереует таңдаған кезде кем дегенде жоғары, орташа, және төмен биіктіктері болуды ұсынамыз.
  6. Төсектің түсі – ақ немесе басқа жарық түсті алуды ұсынамыз. Ластанған кезде бірден көрінетін болады.
  7. Балдахин – үйіңіздің ішін маса және басқа шағатын жәндіктер қаптап жүрмесе, бұл шаң жинайтын құрылғы сізге қажет емес (қаншама әдемі болса да).

Сәбиге матрас, көрпе, жастық таңдау

Сәбиге матрас таңдау. Ең қымбат ортопедический матрас алмасаңыз бала өскенде позвоночникпен проблемалар болады, – деп соға береді сатушылар. Совет одағы кезінде сәби матрасын балдырдан жасаған, ал көбісі кәдімгі жұқа көрпелер жатқан, позвоночниктері сап-сау. Сондықтан матрастың ең қымбатырақ жүгірмеңіз. Төсекпен бірге келетін матрас ортопедический болады және жарай береді. Сәбидің матрасын сіз үшін жұмсақ болып көрінуі мүмкін. Бірақ сәбидің салмағын есепке алғанда ол жұмсақ болмайды.

Көрпе таңдау. Үйдің іші салқын болмаса, және сквозняк болмаса, көрпе қажет емес. Сәби үшін салқын ол 21 градустан төмен. 23 градус сәби ұйықтайтын бөлме үшін норма болып ұсынылады. Сондай температурада керек емес. Кейде сәби ашық жатып жақсы ұйықтамайды, онда пленкамен жайып қойыңыз. Сәби бөлмесіне термометр алыңыз, өз сезіміңізге сенбеңіз. Өйткені біздің қазақ 23 градуста жауырап кетеді обычно.

Сәбиге жастық таңдау. Сәбиге жастық керек жоқ. Точно керек жоқ. Халықаралық ұсыныстар солай. Жастық сәби денсаулығына пайдалы емес.

Баланың төсек орнына арналған қосымшалар

Баланың төсек орнына арналған қосымшалардың бірталай түрлері шығып жатыр – бортик, жанымен жатқызатын үшбұрыш, комфортер сияқтылар.

Бортик. Бортиктің екі түрі бар. Біріншісі жұмсақ, басын соғудан сақтайды. Сондай-ақ мұрынмен тіреліп, тұншығу қаупін тудырады. Оның мүмкіндігі аз, бірақ аз болса да, сол мүмкіндікті тудыруға ақша жұмсап қайтесіз. Екінші түрі қол-аяқты шығаруды болдырмайтын сетка. Сетка болса да тұншығу қаупі толығымен жойылмайды.

Жанымен жатқызатын үшбұрыш. Көп нәрестелер жанына жатқызғанда ұйқысы әлдеқайда жақсарады. Ол үшін валикке оралған көрпе немесе арнайы үшбұрыш пішінді жастықша қолданады. Бірақ оның баланың денсаулығына қауіпсіздігін дәлелдейтін деректер аз. Сондықтан ондай әдістен әзірше сақ болуды ұсынамыз.

Комфортер. Кейбір нәрестелер комфортермен жақсы ұйықтайды, әсіресе мамасының иісі сіңген болса. Бірақ арнай комфортер алыңыз, үйде табылған кез-келген ойыншық жарамайды оған. Және де уақтылы мұқият жуыңыз.

Қорытынды

Қорытындылай келсек, сәбидің төсек орны сквозняк жүрмейтін, температурасы 23-25 градус аралығында, термометрді бар, сәбилерге арналған матраспен жабдықталған болу керек.

Қосымша заттардың санын мүмкіндігінше азайтыңыз. Алатын болсаңыз, қауіпсіздігі туралы авторитеттік көзден ақпарат іздеңіз, мысалы денсаулық сақтау министрліктерден. Инстаграмдағы Алина айтты деп сатып алмаңыз. Ондай блогерлер жиі сатудан процентте отырады ақша алып.