Тісі шығып жатқан нәрестеге көмектесу

Кейбір нәрестелер үшін тістің шығуы қиын болуы мүмкін, бірақ олар үшін оны жеңілдетудің жолдары бар.

Әрбір нәресте әртүрлі, сондықтан сіз нәрестеңізге қолайлы нәрсені тапқанша бірталай нәрсені жасап көруіңіз мүмкін.

Тіс шығару сақинасы (прорезыватель)

Тіс шығару сақиналары балаңызға қауіпсіз шайнайтын нәрсе береді. Бұл олардың ыңғайсыздығын жеңілдетуі және кез келген ауырсынудан алшақтатуы мүмкін.

Кейбір тістейтін сақиналарды алдымен тоңазытқышта салқындатуға болады, бұл нәрестенің қызыл иегін тыныштандыруға көмектеседі.

Сақинамен бірге келетін нұсқаулар оны қанша уақыт салқындату керектігін белгілейді.

Ешқашан тіс шығару сақинасын мұздатқышқа салмаңыз, себебі ол қатып қалса, балаңыздың қызыл иегін зақымдауы мүмкін.

Ешқашан балаңыздың мойнына тіс шығару сақинасын байламаңыз, себебі ол тұншығып қалуы мүмкін.

Балаңыз шайнауды бастаса

Балаңыздың тістері шығып жатқанын көрсететін белгілердің бірі – ол саусақтарын, ойыншықтарын, немесе ұстаған басқа заттарды шайнай бастайды.

Егер сіздің балаңыз 6 ай немесе одан үлкен болса, оған шикі жемістер мен көкөністер сияқты пайдалы нәрселерді шайнауға беруге болады. Қауын сияқты жұмсақ жемістер қызыл иекті тыныштандырады.

Сондай-ақ, балаңызға нанның қатты сыртқы жағын немесе нан таяқшасын беруге болады.

Балаңыз тұншығып қалмау үшін, тамақ ішіп жатқанда қадағалаңыз. Балаңыз тұншығып жатса, не істеу керектігін алдын ала оқып алыңыз.

Құрамында қант көп тағамдардан аулақ болыңыз, себебі бұл сіздің балаңызда аз ғана тістері болса да, тіс кариесін тудыруы мүмкін.

Тіс шыққанда көмектесетін арнайы гель

Тіске арналған гельдердің қаншалықты нәтижелі екендігі туралы дәлелдер жетіспейді. Ата-аналарға алдымен тістерді емдеудің медициналық емес нұсқаларын, мысалы, сақинаны қолданып көру ұсынылады. Ғылымға сүйенетін ұсыныстар осындай.

Бірақ, әр бала ерекше. Егер балаңызға гельді жағып, ұйқысы жақсара, әрине қолдану жөн. Мысалы камистад деп аталатын гель тек табиғи ингредиенттердің жасалған.

Егер сіз гельді қолданам деп шешсеңіз, кішкентай балалар үшін арнайы жасалған тіске арналған гельді ғана қолдану қажет. Ауыз қуысының ауырсынуын басатын күнделікті гельдер балаларға жарамайды.

Тістерге арналған гельдерде жұмсақ жергілікті анестетик бар және ол тек дәріханада сатылады. Қосымша кеңес алу үшін фармацевтпен сөйлесіңіз.

Гомеопатиялық тістерге арналған гельдердің тиімді екендігі туралы да дәлелдейтін мәлімет жеткіліксіз. Гомеопатиялық гельді қолдансаңыз, оның қауіпсіз пайдалануға болатынын тексеруді ұмытпаңыз. Интернетте жарнамаланған кейбір гомеопатиялық гельдер елеулі жанама әсерлермен байланысты болды.

Тіс шығып жатқан нәрестеге парацетамол немесе ибупрофен қолдану

Егер сіздің сәбиіңіз шығып жатқан түстерден үнемі ауырсынып жататын болса, оған қантсыз ауырсынуды басатын дәрі беруді қарастыруға болады.

Парацетамол немесе ибупрофенді нәрестелер мен 3 айлық және одан үлкен жастағы балаларда тістің шығу белгілерін жеңілдету үшін беруге жарамды.

16 жасқа толмаған балаларға аспирин ішуге болмайды.

Әрқашан дәрі-дәрмекпен бірге келетін нұсқауларды орындаңыз.

Егер дәрі берем деген шешімге келетін болсаңыз, ол туралы дәрігермен сөйлесіңіз.

Тісі шығып жатқан нәрестені жұбату

Балаңызды жұбату немесе онымен ойнау оны тісіндегі ауырсынудан алшақтатуы мүмкін.

Олардың тістерін таза саусақпен ақырын ысқылау да көмектесуі мүмкін.

Тіс шыққанда бөртпенің пайда болуын алдын алу

Тіс шығару нәрестеңізді әдеттегіден көп терлетеді. Оның бетін ақырын сүрту бөртпені алдын алуға көмектеседі.

Балаңыздың жаңа тістеріне күтім жасау

Балаңыздың бірінші сүт тісі шыққаннан бастап тіс пастасымен тазалауды бастаңыз.

2 thoughts on “Тісі шығып жатқан нәрестеге көмектесу

  1. You really make it appear so easy along with your presentation but I find
    this topic to be really one thing that I believe I would by no means understand.

    It seems too complex and very huge for me. I am having a look ahead in your next
    submit, I will attempt to get the hang of it! Escape rooms hub

  2. Hi, i think that i saw you visited my weblog thus i came to
    “return the favor”.I’m trying to find things to improve my website!I suppose its ok to use a few of your ideas!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *