Тамақтану кезінде сәбидің жылау себептері
Кейбір нәрестелер тамақтандыру кезінде жылап, тынышсыз болып көрінеді. Егер сіз емшек сүтімен емізетін болсаңыз, балаңыздың орналасуын және позициясын өзгертіп көріңіз.
Кейбір нәрестелердің астыңғы жақ сүйегі алғашқы күндері кішкентай болып, ему қиын болады. Сондықтан дұрыс емшек беру позициясын табу қиынырақ түседі.
Сондай-ақ аузындағы уздечкасы қысқа болуы да мүмкін. Оны стоматологқа барып тексертуге болады. Екі ай жасына дейін уздечкасын кесу жеңіл. Одан кейін ондай операция наркозды немесе седацияны қажет етеді.
Тамақтану кезінде жылау кейде рефлюкс симптомы болуы мүмкін, бұл нәрестелер тамақтанғаннан кейін сүтті қайтаратын жағдай.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін патронаж жүргізіп жатқан медбике немесе педиатр дәрігерлерінен сұраңыз.
Нәрестенің жылау немесе мазасыз болуының барлық себептері және жұбату әдістері туралы analar.kz нұсқаулығынан оқыңыз.