Нәрестені жуу және шомылдыру

Нәрестені күнде шомылдырудың қажеті жоқ. Оның орнына төбесін (бетін, мойнын, қолын) және астын ғана жууға болады.

Ол үшін балаңыз оянып тұрғанда және сабырлы болып тұрған уақытты таңдаңыз. Бөлменің жылы екеніне көз жеткізіңіз. Барлығын алдын ала дайындаңыз. Сізге бір тостаған жылы су, сүлгі, мақта диск, жаңа пеленка және таза киім қажет.

Төбесін және астын ғана жуу бойынша нұсқаулар:

  • Балаңызды распашонка мен подгузниктен басқа барлық киімдерін шешіп, сүлгімен ораңыз. Мақта дискіні суға ылғалдандырып, нәрестенің көзінің айналасын сырттан мұрнына қарай ақырын сүртіңіз. Әрбір көзге жаңа мақта диск қолданыңыз. Бұл бір көзден екінші көзге жабысқақтық немесе инфекцияны өткізбеу үшін қажет.
  • Балаңыздың құлағының сыртын тазалау үшін мақтаның жаңа дискісін пайдаланыңыз. Құлақтың ішін тазалап аңыз, әсіресе мақта таяқшаларымен. Балаңыздың қалған бетін, мойнын және қолын дәл осылай жуып, сүлгімен ақырын құрғатыңыз.
  • Подгузникті шешіп, нәрестенің түбі мен жыныс мүшелерін жаңа мақта мен жылы сумен жуыңыз. Тері қатпарларының арасын қоса алғанда, өте мұқият құрғатыңыз және таза подгузник кигізіңіз.
  • Жуып жатқанда егер сөйлей берсеңіз, бұл нәрестенің сабырлық сақтауына көмектеседі. Олар сіздің дауысыңызды қаншалықты көп естісе, соғұрлым олар сізді тыңдауға үйреніп, не айтып тұрғаныңызды түсіне бастайды.

Нәрестені толығымен шомылдыру бойынша нұсқаулар

Балаңызды күнде шомылдырудың қажеті жоқ, бірақ егер сіз және балаңыз одан ләззәт алатын болсаңыз, күнде шомылдырып тұруға да болады.

Баланы тамақтандырғаннан кейін, аш болғанда немесе шаршаған кезде шомылтпаған дұрыс. Шомылдырудың алдында шомылатын бөлменің жылы екеніне көз жеткізіңіз.

Қолыңызда қажет нәрсенің бәрі болуы керек: жылы су толтырылған нәресте ваннасы немесе таза, жууға арналған тазик, сүлгі, таза жаялық пеленка, таза киім және мақта дискілер.

  • Су жылы болу керек (ыстық емес, салқын емес), 36-38 градус. Термометр болса да, суды әрқашан жылы екенін шынтағыңызбен тексеріңіз және ыстық аралшықтар қалмас үшін жақсылап араластырыңыз.
  • Ваннадағы суға ешқандай сұйық сабын, пенка қоспаңыз. Қарапайым су бірінші айда балаңыздың терісіне жақсырақ.
  • Алдымен балаңызды тізеңізге салып, оның бетін тазалаңыз. Әрі қарай, шаштарын тостағанға тіреп, қарапайым сумен жуыңыз. Шаштарын ақырын кептіріп болғаннан кейін, кез келген ластануды сүртіп, жаялықтарын шешуге болады.
  • Балаңызды ыдысқа немесе ваннаға ақырын түсіріп, оның жоғарғы қолын ұстап, басы мен иығын бір қолыңызбен ұстаңыз. Содан кейін екінші қолыңызбен суды шашыратпай балаңыздың үстінен ақырын шайыңыз.
  • Балаңыздың басын судан аулақ ұстаңыз. Ешқашан балаңызды ваннада жалғыз қалдырмаңыз, тіпті бір секундқа да.
  • Балаңызды көтеріп, терідегі қыртыстарға ерекше назар аудара отырып, құрғатыңыз. Бұл нәрестеңізге массаж жасау үшін жақсы уақыт. Массаж оларға демалуға және ұйықтауға көмектеседі. Балаңыз бір айға толғанша кез келген майларды немесе лосьондарды қолданбаңыз.

Нәрестенің тырнағын алу

Кейбір нәрестелер ұзақ тырнақпен туылады және олар өздерін тырнап алады. Сондықтан тырнағын алу өте маңызды. Балаларға арналған арнайы тырнақ алғыш (щипчики) немесе кішкентай, дөңгелек ұшы бар қауіпсіздік қайшыларын сатып алуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған