Памперс шешіп, баланың бұтында және аяқтарында қызыл дақтарды көрсеңіз, бұл көп жағдайда подгузниктен дамыған бөртпе болады. Ол 4 нәрестенің 1-інде кездеседі және бала жиі мазасыздануының себебі болады.
Бөртпенің пайда болуына өзіңізді кінәләмаңыз. Кейбір балалар терісінің сезімталдығы жоғарылау болады. Памперсті жиірек ауыстырып, жақпа қолдансаңыз, терісі тез арада қалпына келеді.
Нәресте бөртпесінің пайда болу себептері
Нәресте бөртпесі келесі себептерден туындауы мүмкін:
- Нәрестенің терісі ұзақ уақыт бойы кіші немесе үлкен дәретпен жанасуда болған жағдайда.
- Памперс балаңыздың терісіне үйкеліп қоздырғаннан.
- Подгузник аймағын тазаламау немесе оны қажеттілікке сәйкес ауыстырмау.
- Сабын, жуғыш зат, немесе көпіршікті ваннаның әсері.
- Алкогольге негізделген нәресте майлықтары.
- Антибиотиктер, іш жүргізетін дәрілер.
Балаңыздың түбінде қызыл дақтар болуы мүмкін немесе бүкіл дененің төменгі жартысы қызаруы мүмкін. Терісі ауырып, қол тигізгенде ыстық болады және дақтар, безеулер немесе көпіршіктер пайда шығып кетеді.
Жеңіл подгузник бөртпесі бар нәрестелердің көпшілігі ыңғайсыздықты сезбейді, бірақ егер бөртпе қатты болса, сіздің балаңыз өзін жайсыз сезінуі және мазасыздануы мүмкін.
Нәресте бөртпесін емдеу
Балаңызда нәресте бөртпесі пайда болса, әдетте оны өзіңіз үйде емдеп шыға аласыз. Егер бөртпе нәрестенің мазасына тимесе, әрбір жаялық ауыстырған кезде оның терісін қорғау үшін тосқауыл кремінің жұқа қабатын жағыңыз. Бөртпе шыққаннан соң аптекадан Biolane, Lovular сияқты жоғары сапалы кремді сатып алуға тура келеді.
Сонымен қатар нәрестенің терісін осы кеңестерге сәйкес күтіңіз:
- Ылғалды немесе лас болып кеткен подгузникті мүмкіндігінше тез ауыстырыңыз.
- Подгузник аймағын абайлап, бірақ мұқият тазалаңыз, алдынан артқа қарай сүртіңіз.
- Дымқыл, иіссіз және алкогольсіз нәресте майлықтарын пайдаланыңыз (упаковкада 99% су деп жазылып тұрады).
- Балаңызды күнде жуындырыңыз немесе суға түсіріңіз. Бірақ күніне екі реттен артық шомылудан аулақ болыңыз, себебі бұл оның терісін құрғатуы мүмкін.
- Балаңызды жуғаннан кейін абайлап құрғатыңыз – қатты ысқылаудан аулақ болыңыз, әсіресе бөртпе аймағын.
- Балаңызды орамалға жатқызып, оның терісін таза ауада ұстаңыз, подгузниксіз мүмкіндігінше ұзақ және жиі қалдырыңыз (воздушная ванна). Ол үшін суды өткізбейтін және тез құрғайтын арнайы пеленкалар сатып алуға болады.
- Сабын, көпіршікті ванна немесе лосьондарды қолданбаңыз.
- Тальк ұнтағын көп қолданбаңыз, себебі оның құрамында нәресте терісін тітіркендіретін ингредиенттер бар. Мүмкіндігіңіз болса ылғалды крем-тальк алыңыз.
- Балаңыздың подгузнигі дұрыс сай келетініне көз жеткізіңіз. Егер ол тым тығыз болса, ол теріні тітіркендіреді, ал тым бос болса, дәретті дұрыс сіңіре алмайды.
Егер сіз аталған кеңестерді орындасаңыз, бөртпе әдетте 3 күннен кейін кетеді. Сондай-ақ осы ұсыныстар бөртпенің қайта пайда болуын болдырмауға көмектеседі.
Егер бөртпе нәрестеңізге ыңғайсыздық тудырса, дәрігерден немесе аптекадағы фармацевттен оны емдеу үшін арнайы крем сұраңыз. Алайда алдымен емдеу кремін, одан бірнеше минуттан кейін тосқауыл кремін жағу керек.
Подгузник аймағында пайда болатын басқа бөртпелер түрі
Егер бөртпе кетпесе немесе сіздің балаңызда ақ немесе қызыл безеулері бар тұрақты ашық қызыл, ылғалды бөртпе пайда болса, олар терінің қатпарларына таралса, ауыратын болса, ол инфекция болуы мүмкін. Кеңес алу үшін дәрігерге хабарласыңыз. Қазіргі кезде дәрігерге сурет пен видео жіберіп дистанциондық консультация алуға болады. Ол сізге қолдануға арналған крем ұсынуы мүмкін.
Тосқауыл кремін, сондай-ақ тағайындалған кремді қолдану туралы және қашан қолдану керектігі туралы дәрігердің нұсқауларын орындаңыз.
Нәрестелерде тері бөртпелерінің пайда болуы қалыпты жағдай, бірақ аздап тітіркену мен назар аударуды қажет ететін жағдай арасындағы айырмашылықты білу маңызды.
Нарестенің алғашқы күндеріндегі күтімі тақырыбы бойынша:
Нәрестенің жылау себептері және қалай тыныштандыруға болады.
Жаңа туған баланың памперсін қалай ауыстыру керек.
Жаңа туған балаға қандай киім-кешек қажет.
Жаңа туған нәрестенің гигиенасы, жуындыру, шомылдыру.
Жаңа туған баланың аяқ астынан қайтыс болу синдромы дегеніміз не?