Бірінші айда сәбидің дағдылары мен рефлекстері:
- Сәбидің бірнеше негізгі рефлекстері бар: «табан»-табанына саусақ тигізсең, сәби аяғын тартып алады; «сору»- егер саусағыңызды сәбидің ерніне тигізсеңіз, ол өзінше сорғысы келіп әрекет жасайды; «жармасу»- егер сіз қолыңызды сәбиге созсаңыз, ол қатты қысып ұстап алады.
- Етпетінен жатып, басын көтеріп ұстауға тырысады.
- Қоңыраудың, сылдырмақ ойыншықтың дыбысына құлақ түреді.
- Қатты дыбысқа селк етеді(бұл-Моро рефлекс).
- Жұдырығы қатты түюлі болады.
- Егер сәбидің саусағын жазсаңыз, ол ойыншықты ұстай алады, бірақ бірден тастай салады.
- Отырған қалпында басын бір бағытта ұстайды.
Екінші айда нәрестеде қандай дағдылар қалыптасады:
- Ішімен жатып, басын көтере, аз уақыт ұстап және әр жаққа бұра алады.
- Сәби қосымша машықтар үйренеді.
- Нәресте жоғарыда тұрған ойыншықтарды қарай бастайды.
- Егер оны еркелете сөйлессең, ол қуаныш күлкімен жауап береді.
- Қол-аяқтарымен күшті қозғалыстар жасайды.
- Уілдейді.
- Ішімен жатып, басын 45°-қа көтереді.
- Егер қолыңа алсаң немесе сені көрсе бірден жұбанады.
- Жұдырығы түюлі болады, кездейсоқ саусақтары жазылса, саусақтарын аузына апарады.
3 айға келген нәрестенің қалыпты дамуы:
- Етпетінен жатқызғанда басын көтереді
- Сіздің бетіңізге қарап, күледі
- Күледі, былдырлайды
- Қатты дыбыстарға басын бұрып қарайды
- Қолын қозғалтып, оған зер салады
- Сіздің жауысыңызды таниды
- Өзінің қажеттіліктерін жылау арқылы білдіреді.
Төртінші айда сәби не істей алады:
- Арқасымен жатып, басын көтереді.
- Ішімен жатып, шынтағы мен білегіне сүйеніп көтеріледі.
- Бұлшықеттер қозғалысы анық жетілген.
- Сәби денесінің жағдайын өзгертеді.
- Арқасынан, қырынан бұрылуға талпынады.
- Анасын бірден таниды.
- Сіздің күлімсірегеніңізге жымиып жауап береді.
- Алғашқы буындарды айта бастайды.
- Ішімен жатып, басын 90 градусқа бұра алады.
- Қатты күледі.
- Қыдығы келгенде күледі.
- Музыка дыбысын естісе, тыныштала қалады.
Бес айдағы нәрестенің үйренетін нәрселері:
- Отырған кезде басын тік ұстай алады
- Тоңқаңдайды, иіледі
- Қолда тартылады
- Аяғының саусақтарын сорады
- Ұстайды, түртеді, өзіне қарай тартады, заттарды лақтырады
- Қолына салған ойыншықпен ойнайды
- Бутылкасын бір қолымен немесе екі қолымен ұстай алады
- Суреттердегі бейнелерді қызығушылықпен қарайды.
- «ку-ку» ойнайды
- Қолынан ойыншығын алғысы келген үлкендерге қарсылық танытады
- Таныс және бөгде адамдарды айыра алады
- Ас ішкен кезде ойнағанды ұнатады
- Дауысты дыбыстарды, кейбір дауыссыз дыбыстарды айтады (д, б, л, м).
- Бөтен ортаны бірден біледі
- Түсіп қалған затты көру үшін еңкейеді
6 айлық сәби орташа шамамен нені істей алады:
- Етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтере алады.
- Ілініп тұрған заттарға қолын созады
- Заттарды ұстап сілкілейді
- Етпетінен, шалқасынан аунай алады
- Сүйеніп отыра алады
- Қол және ауыз арқылы заттарды анықтап зерттейді
- Дыбыстар мен бет-әлпет құбылыстарына еліктейді
- Тамақты қасықтан, сұйықты кеседен іше алады
- Жеті айлықта еңбектеуге талпынады
- Өзінің атына және таныс адамдардың жүзіне жауап реакциясын жасайды.
Жеті айлық нәрестенің дағдыларды:
- Сәби өте қзғалымпаз болады.
- Өз бетінше отыруды жүзеге асыруға талпынады.
- Сіздің балаңыз тік отыра алады.
- Төрт тағандап, алға, артқа тербеледі.
- Осы айлықта еңбектей бастайды, кейбіреуі артқа қарай еңбектейді.
- Қолына алған киімді ұзақ уақыт қолымен, аяғымен, аузымен танысады.
- Қолына заттарды алып, біріне-бірін ұрғылайды.
- қолымен, аузымен өз денесін зерттейді. .
- Айнадағы өз бейнесін сипалайды.
- Сіздің даусыңыздың тонынан «жоқ» дегенді түсіне бастайды.
- сәби «да», «па», «ма», «та», «ба» буындарынайтып, жаттыға бастайды. .
Сегіз айға туған бала нені үйренеді:
- Барлық нәрсеге деген қызығушылығы артады
- Сәби еңбектейді
- Отырып ойнағанды ұнатады, кейде бір қырына қарай құлайды.
- Нәрсемен ұзақ отырып ойнауы мүмкін
- Ата-анасына жақын, басқалардан қашқақтайды
- Егер бөтен біреу қолына алса, көңілі бұзылып жылай бастайды.
- «мама» және «папа» деп айта бастайды
- Қолына ойыншығын алып еңбектейді
- Таянышқа сүйеніп тұрады
- Қолын бұлғап, алақанмен шапалақтайды
- Айнадағы өзіне қарап, өз бейнесін сипап, сүйеді
- Дәміне қарай бәрін татып көреді
Тоғыз айға келгенде нәрестелер нені үйренеді:
- Бірдеңеге сүйеніп жақсы тұрады
- Адымдай бастайды.
- Тегіс жермен еркін еңбектейді.
- Отырып-тұра алады.
- Қолдарын еркін қозғайды.
- Отырып ойнауды жақсы көреді.
Оныншы айда нәресте қандай қосымша дағдылары меңгереді:
- Ойнаған кезде тізерлеп тұруға, бір қолымен ұстап еңкеюге қабылетті болады.
- Ол қарапайым сөйлескенді түсінеді.
- Ересектердің тиісуін ықыласпен қабылдайды.
- Қолын шапалақтайды, заттарды тарсылдатады.
- Екі нәрсемен бір уақытта ойнайды.
- Кішкентай заттарды бір қолмен, үлкен заттарды екі қолымен алады.
- Қағаздарды жыртады.
- Көзіне көрінген нәрсенің бәрін қарайды.
- Өзінен жасырған ойыншықтарды іздей бастайды.
- Оны мақтасаң, қимылдарды қайталайды.
Он бірінші айда нәресте не істей алады:
- Өз бетімен ұзақ уақыт тұрады
- Бірдеңеге сүйеніп, жүруге талпынады.
- Диваннан ішімен, көлбеу жазықтықпен немесе сатылармен жорғалап түсуге талпынады.
- Саусақтарының қимылдарының үйлесімділігі анықталады.
- Пирамидкалардан шеңберлерді алады және қайтадан кіргізеді.
- Жақын адамдардың аттарын біледі.
- Бір-екі буынды «ма-ман» «па-пан» сөздерді айтады.
- Біреудің көмегінсіз кеседен шәй іше алады.
- Доппен ойнайды.
Өмірдің он екінші айында сәби қандай жаңа нәрселерді үйренеді:
- Өз бетімен жүре бастайды.
- Сатыларға, аласа орындықтарға шыға алады.
- Ауыр емес заттарды көтереді
- Ірі заттарды орнынан қозғайды, аударады, қиратады.
- Телефонмен, балғаны қалай қолдануды біледі.
- Кубиктарды құрастырады.
- Ата-анасының, басқалардың өзіне деген назарын бірден сезінеді.
- Еркелейді.
- Суреттегі жануарларды таниды.
- Не айтсаң бәрін түсінеді.
- Қасықпен, кружканы қолдана алады.
Дені сау 12 айлық сәби осы айтылғандардың біразын жасай алады. Егер сіздің сәбиіңіз олардың біреуін істей алмаса – уайымдамаңыз, әр баланың дамуы өзгеше. Медицина қызметкерінен кеңес алыңыз.