Инфляция жағдайында ақшаны сақтауды үйрену жеңіл. Осы нұсқаулармен ақшаны шашпай, болашаққа сақтап қоясыз.
Қайда барсаңыз да, инфляцияның қатты соққанын көресіз. Дүкендегі азық-түліктің, киімнің, кафе бағасы шыңға шығып барады. Ақшаны көп табатын болсаңыз, мәселе жоқ. Ал егер орташа табысыңыз болса ше…
Өмір онсыз да рахат болмай жатқанда бағаның өсуін қалай қарсы аламыз?
Жалақыдан жалақыға, кредиттен кредитке өмір сүретін болсақ та, осыларға ақша үнемі табылатын шіркін-ай!!!:
- ғажайып жаңа смартфон мен үлкен экранды теледидар…
- баланы қуантатын бір реттік квадрокоптер, пульт машиналарын айтсаңыздаршы.
Егер кенеттен сатып алу әдетіңіз болмаса да, жұмыстың кафесінде қанша ақша қалдырып жүрсіз?
Бірақ үнемдеуге болмайтын шығыстар да бар. Сондықтан ең алғашқы ереже:
1. Өзгерте алатын шығыстарға ғана көңіл бөліңіз
Жол жүру бағасын, нан бағасын өзгерте алмайсыз. Сондықтан айдың соңында ол шығысты санап, ойбайлаудың пайдасы құрт жегендей.
Бірақ ақшаңызды сақтау әлі де сіздің қолыңызда. Экономика қандай үңгірге құлап жатса да, сіз қалтаңызды Америка президенттерінің беттерімен толтыра аласыз.
2. Аптасына екі етсіз күнді еңгізіңіз
Мынау жынды не деп тұр әй,- деген ойыңыз келіп қалса, ойыңыз дұрыс. Қазақтың етсіз тоятын күн әлі келмеді. Бірақ холестерин келді, өзімен бірге жүрек-қантамыр ауруларын жорғалап жүр. Тоқ ішек аурулары да капитал шоу поле чудестен сәлем жіберіп жатыр.
Қысқа да нұсқа – ет қымбат, етсіз – қымбат емес. Өй жарайды, бір етсіз күн жетеді, біреу ғана. Туф!
3. Дәмді тамақ пісіруді үйрену
Тұз бен сары майды кішкене молырақ қоссаңыз тура сол кафенің тамағы шығады. Сосын оны жұмысқа алыңыз, кафенің отбасына ақша бере бермей. Бір рет Түркияның орнына санаторийге барсын, кетпейді!!!
Ресторанды-месторанды құртыңыз. Қазір ресторанға баратын уақыт емес. Үйде жиналып ойын ойнаңыз, күшті кино қараңыз. Ресторанда жейтін кезең де болады. Халқымыз айтқандай, бір кезең жақсы, ал екіншісі онша емес.
4. Үлкен смолл немесе магнумға барыңыз
Үлкен арзан дүкендерде азық-түлік пен үй заттарын алсаңыз, сол бишара екі күннің етіне де ақшаңыз жетеді.
- Рас айтам. Шетелдің трехслойный хош иісті дәретхана двордағы магазинде сататын аппақ-қардайдан арзан анау жерде, особенно үлкен упаковкасын алсаңыз.
5. Бос ақшаның бәрін отпускіге жұмсаңыз
Осы жылы өміріңіздің соңғы жылы болатындай ақшаның бәрін сол жеті күнде өзіңізді мұхиттың жағалауында шаршатуға жұмсап тастаңыз.
Өзі өмірдің жартысын жер үйде өткізген қазақ пятизвездочный гостиница болмаса дискомфорттан өлетіндей. Болды! Аяғыңызбен саяхатқа барыңыз, Қазақстанның инста-жерлеріне. Қазахтуризмнен бір лайк аласыз.
Әзіл ғой, біздің қазақта ондайларға ақша жоқ. Жазда Бурабайдың бір қонақүйінде орын таба алмайсың ғой, понаехали шетелден оның бәрі.
6. Ақшаңыз қайда кететінін қарап алыңыз
Сіз үшін Каспий баяғыда бәрін дайындап қойған. Приложениесін ашыңыз да қараңыз! Жалақының жартысы ресторанға мен таксиге кетіп жатқанына көзіңіз ашылады наконец-то.
Осымен все, бітті!