Қазіргі заманда балаларда аллергиялық ринит айқын мезгілдік қасиетке ие болды. Ондай болмаса, жаңа үй жануардың пайда болуымен байланысты жағдайлар да кездеседі. Симптомдары айқын көрінбесе, кейбір ата-аналар оған мән бермейді. Сөйтіп, аурудың жеңіл түрі ауыр түріне асқынбағанша бала жүре береді. Сондықтан аллергиялық риниттің басты белгілерін білу қажет.
Аллергиялық ринит – аллергенмен кез болғаннан кейін мұрынның шырышты қабығының қабынуы. Ол мұрыннан ағу, мұрын бітелуі, қышыну және түшкіру симптомдарының тәулік ішінде бір сағаттан астам болуымен байқалады.
Балалардағы аллергиялық ринит симптомдарының ерекшеліктері:
- мұрынның бітелуі (обструкция) – толығымен, жартылай немесе өтпелі болуы мүмкін. Бұл баланың күнделікті жұмыстарына және аллергияның себебіне байланысты.
- мұрынның ағуы (ринорея) – сулы немесе шырышты бөліністер. Аурудың асқынуы дамығанмен қою және іріңді болып кетеді.
- мұрын ішінің қышуы
- түшкіру – күні бойы болуы мүмкін. Кейде өршеленуі мүмкін.
- бронхоспазм (бронхтардың реактивті тарылуы) дамуының белгілері – бас ауруы, әлсіздік, қозу, құрғақ тоқтамайтын жөтел (тыныс алу жолдарына қабынуды қоздыратын медиаторлардың қақырықпен бірге жиналуына байланысты).
- бронхоспазм – жөтелдің өршеленуі, қоюланған қақырықтың шектеулі бөлінуі, кеуденің басылуы, ауаның жетіспеушілігі, тыныс шығарудың күрделенуі. Жатқан кезде тыныс алу қиындайды. Бала көбінесе алға қарай еңкейіп отырады. Жеңіл бронхоспазм кезінде баспалдақпен көтерілгенде дем жетіспеушілігі байқалады.
- нәрестелерде жасырын (латентті) бронхоспазм – әлсіздік пен, ұйқының бұзылуымен байқалады. Мұрын-ерін үшбұрыштың көгеруі көріне байстайды. Ысқыратын терең емес дем алу, жөтел және демікпе байқалады.
Балаңызда осы көрсеткіштер байқалған жағдайда дәрігерге көріну қажет. Учаскелік педиатрға немесе жалпы тәжірибе дәрігерлеріңізге жазылыңыз.
Симптомдардың қашан және қандай жағдайда пайда болатынын немесе асқынуын байқаңыз.
Аллергиялық ринит кезінде балаға бумен тыныс алуға болмайды. Ол бронхтардың тарылуына одан әрі асқынуына әкеледі.