Бала тұншығып қалғанда не істеу керек бойынша Қызыл Крест, Ұлы Британия және басқа алдыңғы қатарлы нұсқаулықтары.
Қызыл крест нұсқаулары
Тұншығып жатқан нәресте жылай алмайды, жөтелмейді, дыбыс шығара алмайды және тыныс ала алмайды.
Тұншығып жатқан нәрестеге шұғыл көмек көрсету бойынша 3-қадам:
1-қадам. Арқасынан бес рет соғып көріңіз: нәрестенің басын кеудесінен төмен түсіріп, өз аяғыңыз бойымен ұстаңыз. Оның арқасын, лопаткалар арасынан бес рет мықтап соғыңыз. Соққылар тұншығуды жоймаса, 2-қадамға өтіңіз.
Артынан соққанда тыныс алу жолында күшті діріл мен қысым пайда болады, бұл көбінесе бітелуді жоюға жеткілікті болады және тыныс алуға жол ашады. Баланы кері көтергенде басын қолдап ұстаңыз.
Тұншығып жатқан нәрестені арқасынан қалай дұрыс соғу керек төмендегі видеодан қараңыз:
2-қадам. Нәрестені көкірегінен бес рет басып көріңіз: баланы жоғары қаратып аударыңыз. Екі саусақты олардың кеудесінің ортасына емізікшелерінен төмен қойыңыз. Бес рет күрт төмен басып көріңіз.
Кеудедегі соққылар нәрестенің өкпесіндегі ауаны сығып, бітелуді жоюы мүмкін.
Тұншығып жатқан нәрестені көкірегінен қалай дұрыс күрт басу керек екенін төмендегі видеодан қараңыз:
3-қадам. Егер тыныс алуға бермейтін бөгет жойылмаса, 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Артқа соққылар мен кеудеге басу циклдарын бітелу жойылғанша немесе көмек келгенше жалғастырыңыз. Егер өзіңіз қоңырау шала алмасаңыз, оны басқа біреуден сұраңыз.
Ұлыбритания денсаулық сақтау басқармасының нұсқаулары
Балалар, әсіресе 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар, аузына заттарды жиі салады. Бұл олардың әлемді зерттеуінің қалыпты бөлігі.
Моншақтар және түйме батареялары сияқты кейбір кішкентай заттар баланың тыныс алу жолында тұрып қалуы және тұншығуы үшін көлемі дәл келетін болады. Бұған жол бермеудің ең жақсы жолы – мұндай кішкентай заттарды балаңыздың қолы жетпейтін жерде сақтау.
Қаншалықты сақ болсаңыз да, балаңыз бір нәрсеге тұншығып қалуы мүмкін.
Көп жағдайда балаңыздың тұншығуға әкелетін затты қалай жұтып қойғанын сіз немесе басқа біреу көріп қойған жағдай болады. Кейде балаға қарамаған кезде жұтып қояды.
Бірақ егер балаңыз ауырмай, кенеттен жөтеле бастаса, тұншығып қалу ықтималдығы жоғары.
Тұншығып жатқан балаға көмектесу бойынша кеңестер
- Егер сіз тұншығу әкелген затты көре алсаңыз, оны алып тастап көріңіз. Бірақ, қарамай саусақтарыңызбен тамағын шұқыламаңыз. Бөгде затты одан әрі итеріп, оны шығарып алуды қиындатып жіберуге болады.
- Егер сіздің балаңыз қатты жөтеліп тұрса, жөтелді жалғастыруға шақырыңыз және жалғыз қалдырмаңыз.
- Егер балаңыздың жөтелі нәтижесіз болмаса (үнсіз болса немесе дұрыс дем ала алмаса), дереу көмек шақырыңыз және оның әлі де есін жиған-кеспегенін тексеріңіз.
- Егер сіздің балаңыз әлі есінде болса, бірақ ол жөтелмесе немесе жөтелу тиімді болмаса, арқа соққыларын қолданыңыз.
1 жасқа дейінгі тұншығып жатқан нәрестелерге арналған арқа соққылары
- Отырыңыз және нәрестеңізді аяғыңыздың бойымен төмен қаратып жатқызыңыз, оның арқасы мен басын қолыңызбен қолдап ұстаңыз.
- Екінші қолдың өкшесімен арқаның ортасында жауырын қанаттарының арасынан 5 ретке дейін күрт соққы беріңіз.
1 жасқа дейін балаларға арналған тұншыққан да көкірек соққылары
- Балаңызды аяғыңыздың бойымен бетін жоғары қаратып жатқызыңыз.
- Кеуде сүйегін тауып, 2 саусақты ортасына қойыңыз.
- Кеуде қуысын шамамен үштен біріне қысып, кеудеге 5 жедел итеру жасаңыз.
1 жастан үлкен бала тұншығанда арқасынан қалай соғу керек
Кішкентай баланы нәресте сияқты аяғыңызға төмен қаратып жатқызыңыз.
Егер бұл мүмкін болмаса, балаңызды алға еңкейтіп ұстаңыз және артқы жағынан 5 рет соққы беріңіз.
Артқы соққылар тұншығуды жоймаса және балаңыз әлі есінде болса, 1 жасқа дейінгі нәрестелерге кеудеге, ал 1 жастан асқан балаларға іш қуысына жедел басуды көріңіз.
Бұл жасанды жөтел сияқты әсер болады, кеудедегі қысымды арттырады және бөгетті шығаруға көмектеседі.
1 жастан асқан балалар тұңшығанда қарыннан қалай басу керек
Балаңыздың артында тұрыңыз немесе тізеге тұрыңыз. Қолыңызды баланың қолының астынан өткізіп, қарынның жоғарғы бөлігін құшақтап алыңыз.
Жұдырықты түйіп, кіндік пен қабырғалардың арасына қойыңыз. Бұл қолды екінші қолыңызбен ұстап, ішке және жоғары қарай күрт тартыңыз. 5 ретке дейін қайталаңыз. Төменгі қабырғаға қысым жасамағаныңызға көз жеткізіңіз, себебі бұл зақым келтіруі мүмкін.
Осы қарыннан басу әдісін ересектер тұңшыған жағдайда да қолдануға болады.
Кеуде немесе қарын басуларын жасағаннан кейін баланы тексеру
- Егер тұңшықтырған зат әлі орнынан қозғалмаса және сіздің балаңыз әлі есінде болса, арқа соққыларының ретін және кеудеге немесе ішке басыларды жалғастырыңыз.
- Баланы жалғыз қалдырмаңыз.
- Көмек шақырыңыз, қоңырау шалыңыз.
Кері соққылардан және кеудеге немесе ішке соққылардан кейін бітелу кетпесе, 103 немесе 112нөміріне қоңырау шалыңыз. Көмек келгенше арқадан соғу және көкірек/қарын басуларын кезең-кезеңмен жасауды жалғастырыңыз.
Бөгде зат сыртқа шығып кетсе де, медициналық көмекке жүгініңіз. Бөгде заттың бір бөлігі қалып қалуы мүмкін немесе сіздің балаңыз көмек көрсеткен кезде зардап шеккен болуы мүмкін.
Тұншығудан есінен танып қалған бала
- Егер тұншығып жатқан бала есінен танып қалса, оны қатты, тегіс жерге қойып, көмекке шақырыңыз.
- Қолдарыңыз бос болуы үшін телефонды динамикке қойып, 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
- Баланы жалғыз қалдырмаңыз.
- Баланың аузын ашыңыз. Бөгде зат анық көрініп тұрса және оны оңай ұстай алсаңыз, оны шығарып тастаңыз.
- Реанимациялау шараларын білсеңіз, осы кезде реанимациялау алгоритміне кірісу қажет.
Қазақстанда болсаңыз, көмек қасыңызда болуы мүмкін
Қазіргі кезде Қазақстанда көп адамдар негізгі өмірді қолдау шараларын үйренген. Оның ішінде полиция, өрт сөндіру қызметкерлері, және медициналық мекемеде жұмыс істейтін адамдар.
Негізгі өмірді қолдауды білетін адамдарға “код синий” деп қысқаша айтуға болады. “Код синий” адамның тыныс алу тоқтаған оқиғаны білдіреді.