1. Нәрестеге қандай киім сатып алу қажет
Алғашқы апталарда жаңа туған нәрестенің жылы әрі таза болуға қандай және қанша киім сатып алу жеткілікті болады:
- Слип (4 дана) – нәрестені қолдан аяққа дейін жабатын ең ыңғайлы киім болып табылады. Таңдағанда бастан аяққа дейін заклепкалармен немесе молниямен ашып-жабылатынын таңдаңыз. Себебі, бас арқылы киіндіретін және пуговицамен жабылатын слипті киіндіру ұзақ уақыт алады. Ең жақсы таңдау – молниямен жабылатындары.
- Царапка қолғап – бала өз-өзін тырнамау үшін шығарылған. Іс жүзінде қажет емес нәрсе. Қолдан түсіп қала береді. Одан гөрі қолға носки кигізу ыңғайлы болады.
- Носки 2 дана – көбінесе слиптің үстіне кигізіледі. Сондықтан үлкенірек размер алыңыз.
- Распашонка және ползунки шалбар 2 дана – ыстық климатта ыңғайлы болады, себебі вентиляциясы жақсылау. Егер нарестеңіз суық ауа райы мезгілде туса, онда распашонка мен шалбар орнына қосымша 2 слип алсаңыз да болады.
- Жеңіл бас киім 2 дана – шомылғаннан кейін, суық бөлмеге және серуенге киюге қажет болады.
- Жеңіл пеленка 4 дана – жалпы және ұйықтаған кезде орауға қажет. Сондай-ақ емізу үшін орауға керек болады.
- Муслин немесе жылы пеленка 2 дана – көбінесе түнде ұйықтау үшін қажет. Сонымен бірге ішең коликасы болған жағдайда қарынын орауға ыңғайлы.
- Нәрестелерге арналған орамал 2 дана – муслин пеленкамен ауыстыруға болады. Шомылудан кейін кептіру үшін қажет.
Ауа райы аяз болса қосымша қажет киімдер:
- Комбинезон – пуховик түрінде немесе тоқылған болуы мүмкін. Төменгі жағы конверт тәріздес комбинезонмен ауыстыруға болады.
- Конверт асты флис комбинезон – егер конверт немесе төменгі жағы конверт тәріздес комбинезон алатын болсаңыз, қосымша флис комбинезон қажет болады. Флис денеден ылғалдылықты жақсы шығарады.
- Жылы шапка
- Жылы қолғап
Бала киімін жуу – арнайы балаларға арналған кір жуғыш машинаға арналған ұнтақ немесе гель қолдануға болады (Lovular, Ушастый нянь).
2. Нәресте ұйықтайтын жер
Алғашқы бірнеше айда сізге балаға арналған төсек орын немесе бесік қажет болады. Балаңыз қауіпсіз, жылы және сізден алыс емес жерде ұйықтау қажет.
Егер сіз бұрын қолданған төсек немесе бесікті пайдаланатын болсаңыз, кем дегенде жаңа матрас алсаңыз жақсы. Матрастың үстіне су өткізбейтін қорғайтын жамылғы қажет.
Сонымен сізге қажет:
- Балаңыздың басын ұстап, тұншығып қалмауы үшін, шетінен бос орын қалдырмай, төсекке жақсы сәйкес келетін қатты матрац.
- Матрасты жабуға арналған простыня – сізге кем дегенде 4 дана қажет, өйткені оларды жиі өзгерту керек. Жағдай болса резинкамен орнатылатынын алыңыз.
- Пеленкалар – 2-3 дана.
Жастықтар мен көрпелерді пайдаланбаңыз – олар тұншығу қаупіне байланысты бір жасқа толмаған нәрестелер үшін қолдануға ұсынылмаған. Көрпелер де нәрестеңізді тым ыстық етуі мүмкін.
Балаңыздың иық деңгейінен төмен мықтап тығылған пеленкалар және нәресте ұйықтайтын арнайы қапшық балаңыздың ұйықтауы үшін қауіпсіз.
3. Нәресте төсер орнының қауіпсіздігі
Балаңыз төсек орында (кереуетте) едәуір уақытты өткізеді. Сондықтан оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды.
Матрас нәрестенің басы кептеліп қалуы үшін бос орынсыз, тығыз орналасуы керек.
Жолақтар тегіс, мықтап бекітілген болуы керек және әр жолақ арасындағы қашықтық 6,5 см (2,5 дюйм) аспауы керек, сондықтан нәрестенің басы қысылып қалмайтындай болғаны жөн. Төсек орын берік болуы керек.
Қозғалатын бөліктері біркелкі жұмыс істеп, саусақтардың немесе киімнің қысылып қалуына жол бермеуі керек.
Төсек бамперлерін қолдануға ұсынылмайды, өйткені нәрестелер қатты қызып кетуі немесе бекіткіштерге қысылып қалуы мүмкін. Ешқашан төсекке байланатын веревка бар заттарды, мысалы, кеудешелер немесе киімдер қалдырмаңыз, себебі олар нәрестенің мойнына ілініп қалуы мүмкін.
Балаңыздың ұйықтауы үшін ең қауіпсіз орын – алғашқы 6 айда сізбен бір бөлмедегі төсекте арқасымен жату.