Нәресте неге жылайды және оны қалай тыныштандыруға болады

Кішкентай баланың жылау себептері қандай, оны қалай тыныштандыруға болады, қандай жағдайда мазасыздың аурудың белгісі болу мүмкін және дәрігерге хабарласу қажет.

Жаңа туған баланың жылау себептері

Барлық жаңа туған нәрестелер жылайды. Жылау – балаңыздың сізге жайлылық пен қамқорлық қажет екенін айту тәсілі. Кейбіреулері аз, басқалары тоқтамай жылайды. Әр бала ерекше болады.

Кейде баланың жылау себебін анықтау оңай болады, ал кейде бірталай ой-өнерін қажет етеді. Жаңа туған бала жылауының ең көп тараған себептері осындай:

  • Қарны ашады.
  • Лас немесе дымқыл подгузник. Кейде дымқыл болмаса да, зәрге толып, қысып, ыңғайсыздық тудырады.
  • Шаршау. Жаңа туған нәресте тәулігіне 18 сағатқа дейін ұйқыны қажет етуі мүмкін.
  • Құшақтасқысы келеді.
  • Жел, іш ауру. Қазіргі заман медицина қалай дамыған болса да, нәрестенің іш ауруын емдейтін тиімді дәрісі әлі жоқ. Пробиотик, пребиотик, көпіршіктенуге қарсы дәрілерді қолданудың нәтижесі шектеулі.
  • Тым ыстықтау немесе жауырау. Нәрестелердің зат алмасуы ересекке қарағанда белсенділеу.
  • Зерігу. Нәрестеге қоршаған әлемді зерттеу керек.
  • Шамадан тыс ынталандыру, қозуы. Нәресте рецепторлары және жүйке жүйесі әлі даму барысында. Сондықтан шамадан көп қозған кезде кейде тыныштануға қиын болады.

Кейде нәрестенің тоқтамай жылайтын және оны жұбата алмайтын кездер болуы мүмкін. Әсіресе күн бата бастағанда жиі болады. Бұл кез қиын болуы мүмкін, өйткені ол адамның ең шаршаған және жатып дем алуға келетін уақыт.

Нәрестелер жылайтын жиілігі мен күші өмірдің 4-8 аптасында ең жоғары деңгейге жетеді, содан кейін бірте-бірте басылады.

Жылап жатқан баланы тыныштандыру үшін не істеуге болады

Жылап жатқан баланы тыныштандыру үшін келесі әдістерді қолдануға болады. Әр нәрестенің ерекшелігі болады. Сондықтан кейбір әдістер басқаларға қарағанда нәтижелі болады:

  • Нәрестені емізетін болсаңыз, емізіп көріңіз.
  • Жұмсақ шу (белый шум), табиғат, теңіз шуы, тыныштандыратын музыка қосып көріңіз. Бұл нәрестенің назарын аударуға көмектеседі.
  • Кейбір сәбилер төсеніш ретінде кішкене шүберек немесе көрпе қолданғанды ​​ұнатады. Оны дүкеннен алуға болады. Және анасының төсегінде жатып, иісін сіңірсе, жақсы нәтиже береді.
  • Балаңызды қолға ұстаңыз немесе кенгуруға салыңыз. Ең кішкентай сәбилерге арналған жеке гамак та болады.
  • Ақырын нәрестені қозғалыңыз, тербеліңіз немесе нәрестені алып, билеңіз, сөйлесіңіз және ән айтыңыз.
  • Балаңызды арбада алға-артқа тербетіңіз, үйдің ішінде серуендеңіз.
  • Сәбиге тыңдайтын немесе қарайтын нәрсе табыңыз. Бұл радиодағы музыка, сылдырмақ, төсек үстіндегі ұялы телефон немесе Яндекс станциясы болуы мүмкін.
  • Балаңыздың арқасын жұмсақ және біркелкі ырғақпен сипалап көріңіз. Баланы өзіңізге қаратып ұстаңыз немесе тізеңізде бетін төмен қаратып жатқызыңыз.
  • Балаңызды шешіндіріп, оны массаждап уқалаңыз. Балаңыз бір айға толғанға дейін майларды, лосьондарды қолданбаңыз. Массаж істеу кезінде жұбатып сөйлесіңіз және бөлмені жеткілікті жылы ұстаңыз. Нәрестелерге массаж курстарын тауып, арнайы массаж түрлерін үйренуге болады, немесе үйге келетін массажист табуға болады.
  • Жылы ваннаға түсіріп көріңіз. Бұл кейбір нәрестелерді лезде тыныштандырады. Бірақ басқаларды керісінше, одан сайын қоздырып қояды.
  • Сақ болыңыз, кейде нәрестеге тым көп көңіл бөліп, тербетіп, ән айтып, балаңыздың ұйықтап кетуіне кедергі боласыз және шаршатып қоясыз.

Тамақтану кезінде сәбидің жылауы:

Кейбір нәрестелер тамақтандыру кезінде жылап, тынышсыз болып көрінеді. Егер сіз емшек сүтімен емізетін болсаңыз, балаңыздың орналасуын және позициясын өзгертіп көріңіз.

Тамақтану кезінде жылау кейде рефлюкс симптомы болуы мүмкін, бұл нәрестелер тамақтанғаннан кейін сүтті қайтаратын жағдай.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін патронаж жүргізіп жатқан медбике немесе педиатр дәрігерлерінен сұраңыз.

Нәресте тоқтамай жылайтын болса

Баланың шамадан тыс, тоқтамай жылауының бірнеше себептері бар.

Егер сіз барлық себептерін қарастырып және нәрестеңізді еш нәрсе тыныштардырмаса, бұл өте шаршатады.

Колика

Шамадан тыс тоқтамай жылау сіздің балаңызда колика болуының белгісі болуы мүмкін.

Коликаға дәл себеп не болатын туралы біркелкі көзқарас жоқ. Кейбір дәрігерлер ол ас қорыту жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты деп ойлайды.

Колика кезінде жылау қайғылы және мазасыз естіледі, біресе тоқтайды, содан кейін қайтадан басталады. Бұл, асқазанның немесе ішектің ауырсыну толқындарынан туындауы мүмкін екенін көрсетеді.

Жылау бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Балаңызды тыныштыруға тырысып, жылаудың аяқталуын күтуден басқа аз нәрсе жасауға болады.

Ауырып қалуға байланысты жылау

Егер сіздің балаңыз үнемі жылап жатса және сіз оны жұбата алмасаңыз, немесе көңілін аудара алмасаңыз, немесе жылау әдеттегі жылағандай естілмесе, бұл нәрестенің ауырып қалғанының белгісі болуы мүмкін.

Немесе нәресте жылап жатса және жоғары температура сияқты басқа белгілері болса, ол да ауырудың белгісі болуы мүмкін. Егер бұлай болса, тұрып жатқан мекен жайыңыз бойынша учаскелік педиатрға хабарласыңыз. Сіз сол мекен жайдың поликлиникасына тіркелмеген болсаңыз да, олар жаңа туған нәрестеге патронаж жасап, медициналық көмек көрсетуге міндетті.

Кейбір жағдайларда шұғыл медициналық көмек қажет болуы да мүмкін. Сол кезде 103 немесе 112 телефонына хабарласып жедел жәрдем шақырыңыз. Мысалы:

  • Судорога, құрысу болса.
  • Терісі ала, күлгін, сұр, немесе өте бозғылт.
  • Инертті, жауап реакциясы аз немесе жоқ, иілгіш немесе әдеттегідей оңай оянбайды.
  • Тыныс алу кезінде жедел ауа жұтып тыныс алады, немесе жұлдыру дыбысын шығарады, немесе тыныс алу үшін қатты жұмыс істеп жатқан сияқты, немесе дем алу кезінде кеудесі ішке тартылып жатқан сияқты.
  • Фонтандап қатты құсу.
  • Жоғары температура, бірақ қолдары мен аяқтары суық.
  • Дененің кез келген жерінде дақты күлгін-қызыл бөртпенің пайда болуы – менингиттің белгісі болуы мүмкін.

Интуицияға сеніңіз. Сіз балаңыздың мінез-құлқының неден ерекшеленетінін немесе мазасыздандыратынын білесіз.

Нәрестеңіз көп жылаған кезде көмек алу

Нәресте тоқтамай жылағанды шыдау қиын болуы мүмкін. Сіз досыңызбен, денсаулық сақтау қызметкерімен немесе дәрігермен сөйлесе аласыз.

Егер сіз дәрігермен осы мәселе туралы дәрігермен сөйлесуді таңдасаңыз, алдын ала балаңыздың қаншалықты жиі және қашан жылайтынын жазып алыңыз. Мысалы, ол әр тамақтан кейін немесе кешкі уақытта болуы мүмкін. Жазып алынған ақпарат дәрігерге жылаудың белгілі бір себебі бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Күн тәртібіндегі ықтимал өзгерістер туралы ойлануға болады.

Сіз қатты шаршаған және ашуланған кезде бұдан былай шыдай алмайтындай сезінесіз. Бұл көптеген ата-аналарда кездеседі, сондықтан көмек сұрауға ұялмаңыз.

Егер сізде нәрестеңізге қысқа уақытқа қарай алатын адам болмаса және жылау сізді күйзеліске ұшыратса, нәрестеңізді оның төсегіне немесе арбасына жатқызыңыз, оның қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз, есікті жабыңыз да басқа бөлмеге кетіп қалыңыз.

Басқа бөлмеде өзіңізді тыныштандыруға тырысыңыз. Уақыт шегін орнатыңыз – мысалы, 10 минут – содан кейін балаға қайтып барыңыз.

Нәрестеңізді шайқамаңыз

Сіз қаншалықты көңілсіз болсаңыз да, нәрестеңізді ешқашан шайқамаңыз. Шайқау олардың басын қатты қозғалтады және мидың зақымдалуына әкелуі мүмкін.


Нарестенің алғашқы күндеріндегі күтімі тақырыбы бойынша:

Памперстен, подгузниктен пайда болатын бөртпелер.

Жаңа туған баланың памперсін қалай ауыстыру керек.

Жаңа туған балаға қандай киім-кешек қажет.

Жаңа туған нәрестенің гигиенасы, жуындыру, шомылдыру.

Жаңа туған баланың аяқ астынан қайтыс болу синдромы дегеніміз не?


Нәрестеге күтім бойынша нұсқаулық (басты бет)

Добавить комментарий