Жаңа туған нәрестенің талаптарын орындау және айналаңызда болып жатқан барлық нәрселер стресс тудыруы мүмкін.
Бұрын оңай жасалынатын жұмысты енді бітіруге бір күн кетуі мүмкін. Сіз бірдеңені бастаған кезде нәресте оянады, подгузник ауыстыру керек, немесе оған көңіл бөлу керек.
Кейде сіз өмір толығымен бақылаудан шығарғандай сезінесіз. Бұл сізді өте шиеленісті және көңілсіз жағдайға әкелуі мүмкін.
Мазасыздық пен бақытсыздық та стрессті тудырады. Мүмкін сіз тұратын жеріңіз, ақшаңыз, немесе қарым-қатынасыңыз туралы алаңдайтын шығарсыз.
Немесе сіз өміріңізге үлкен өзгеріс әкелетін көптеген ұсақ-түйектерге алаңдайтын шығарсыз. Сіз бұл нәрселердің кейбірі туралы ештеңе істей алмауыңыз мүмкін, бірақ стресспен күресудің жолдары бар.
Келесі ұсыныстардың кейбірі көмектесуі мүмкін:
- Демалыңыз. Күн сайын кешке жарты сағатыңызды өзіңізге ұнайтын нәрсеге арнаңыз. Бұл басқа нәрселерді ойдан шығаруға және демалуға көмектеседі. Ваннаға шомылыңыз, журнал оқыңыз, теледидар көріңіз немесе демалуға көмектесетін кез келген нәрсені жасаңыз. Кітапханадан демалыс туралы кітап алыңыз. Кез келген үй жұмысын елемеңіз – ол күте алады. Өзіңізге біраз уақыт бөліңіз.
- Басқа адамдарды көру стресстен арылуға көмектеседі. Қызығушылық бойынша немесе жас ата-аналарға арналған ұйымдасқан топтарға барып көріңіз.
- Серіктесіңізге уақыт бөліңіз. Сіз шиеленіскен, шаршаған және көп уақытты бірге өткізбеген кезде қарым-қатынастар нашарлауы мүмкін. Теледидар алдында бірге ұйықтап қалсаңыз да, серіктесіңізбен бірге болуға уақыт бөліңіз.
- Өзіңізді білдіріп ашып сөйлеңіз. Өзіңізді қалай сезінетініңіз туралы сөйлесу, біраз уақытқа көмектесуі мүмкін. Сіз және сіздің серіктесіңіз бір-біріңізді қалай сезінетінін түсініп, бір-біріңізге қалай қолдау көрсетуге болатынын шешуіңіз керек. Кейде отбасынан тыс біреумен сөйлескен дұрыс.
- Көмек қабылдаңыз. Сіз алатын барлық көмекті барынша пайдаланыңыз. Сіз бәрін өзіңіз жасай алмайсыз.
- Ата-ана болу өнерінде ешкім мінсіз емес. Сондықтан уайымдамаңыз. Демалыңыз. Ляззат алуға тырысыңыз. Бұр өмірдің қайталанбайтын сәті.