Аллергия дегеніміз не?
Аллергия дегеніміз иммундық жүйеңіз әдетте зиянсыз нәрсеге қауіпті нәрсеге сияқты иммундық жауап бергенде болатын жағдай.
Ондай жағдайда иммундық жауап тудыратын әдетте зиянсыз заттарды «аллергендер» деп атайды. Аллергендер жиі болатын заттар:
- тозаң
- зең
- темекі
- жануарлардың жүні мен сілекейі
- белгілі тағамдар
- теріңізді тітіркендіретін заттар.
Сондай-ақ сирек кездесетін аллергиялар кезінде аллергендер күннің сәулесі, немесе суық ауа райы болуы мүмкін.
Қазіргі заманда аллергия өте жиі кездеседі, бес адамның біреуінде табылады.
Аллергия кезінде денеде не болады
Аллергиялық жағдай немесе аллергиялық реакция сіз дем алатын, жұтатын, теріңізге тиетін затта аллерген болған кезде басталады.
Жауап ретінде сіздің денеңіз аллергенді ұстайтын Е-иммуноглобулин (IgE) деп аталатын ақуызды жасай бастайды. Қанда Е-иммуноглобулиннің болуы балада қандай да бір аллергияның бар екенінің белгісі болып табылады.
Е-иммуноглобулин шыққаннан кейін гистамин және басқа химиялық заттар қанға түседі. Бұл аллергия кезінде болатыр белгілерді және симптомдарды тудырады.
Аллергияның белгілері
Аллергияның белгілері аллергеннің денеге ауа, тері, тамақ, немесе жәндіктің шағуы арқылы түскенде әр түрлі болады.
Егер ауада болатын, дем алатын нәрседен туындаған аллергия болса аллергияның белгілері мынадай болады:
- Қышынған, жас ағатын көздер.
- Түшкіру.
- Мұрынның қышуы, ағуы.
- Шаршау немесе ауру сезімі.
Тері аллергиясының жалпы белгілеріне бөртпе және есекжем (қызыл дақтары бар бөртпе) жатады. Баланың терісі қызарады, қышиды, және ісінуі мүмкін.
Азық-түлік аллергиясы асқазанның қысылуын, құсуды және диареяны тудыруы мүмкін.
Егер жәндіктердің шағуы қоздырғыш болса, балада ісіну, қызару және шаққан жерінің ауырсынуы болады.
Аллергия симптомдары өте жеңіл, мазаланбайтын деңгейден бастап, өте ауыр, өмірге қауіпті жағдайға дейін болуы мүмкін. Сондай-ақ баяу дамитын және күрт (тіпті бірнеше секунд ішінде) дамуы мүмкін.
Аллергия симптомдарының көбі, аллергеннің әсер етуі тоқтағаннан кейін көп ұзамай кетеді. Бұл аллергияны басқа аурулардан ажыратуға көмектесетін белгісі.
Аллергияның ауыр түрлері денсаулыққа немесе өмірге қауіпті болғандықтан балаңызды кешіктірмей аллерголог дәрігерге көрсетіңіз.
Ауыр аллергиялық реакция кезінде тұншығу қаупі болғанда жедел жәрдем шақырыңыз.
Анафилактикалық шок
Анафилактикалық шок – бұл аллергиялық реакциясының ең ауыр түрі және бүкіл денеге әсер етеді.
Анафилактикалық шок белгілері:
- Бүкіл дененің қышуы немесе бөртпенің пайда болуы.
- Ентігу, сырылдар.
- Тамақтың қарлығуы немесе тарылуы.
- Беттің, қабақтың, еріннің, тілдің немесе тамақтың ісінуі.
- Қолдың, аяқтың, еріннің немесе бас терісінің қышуы.
Анафилактикалық шок өмірге қауіп төндіреді, сондықтан дереу жедел жәрдемге қоңырау шалыңыз.
Симптомдарыңыз тоқтап қалса да, медициналық көмек қажет болады, себебі кешіктірілген реакция әлі де болуы мүмкін.
Балаларда аллергия неліктен пайда болады
Балада аллергияның болуын немесе болмауын анықтайтын басты негізі – тұқым қуалайтын гендер.
Аллергия отбасы мүшелерінің ерекшелігі айтсақ та болады. Егер ата-ананың біреуінде аллергия болса, балада да аллергия болуы мүмкіндігі жоғары болады. Ал екеуінде де аллергия болса, онда аллергияның тұқым қуалау мүмкіндігі өте жоғары.
Егер ата-ананың ешқайсысында аллергия болмаса, балада аллергия болу мүмкіндігі өте аз, бірақ ешқашан нөлге тең емес.
Бірақ керісінше де болуы мүмкін. Ата-анада аллергия болуы мүмкін, бірақ балада ешқашан симптомдар болмауы мүмкін.
Қоршаған орта да рөл атқарады. Аллергия даму үшін аллерген әсері болу керек. Әсері неғұрлым қарқынды болса, жиі және өмірде ертерек әсер етсе, соғұрлым балада аллергия болуы ықтимал.
Аллергияға әкелетін басқа нәрселерге темекі шегу, ластанған қоршаған орта, инфекция және гормондар жатады. Соңғы кезде коронавирустың да әсері байқалды.