Кредитті алғызатын жағдайды болдырмай өмір сүру оңай. Ал кредит алатын болсаңыз, ең тиімді шартпен алып, тез құтылып кетуге болады.
Қазақтарда осындай магия байқадым. Кредит алмаған қазақ жалақыдан жалақыға әзер жеткізеді.
Ал кредитті алғаннан кейін чудесным образом жалақыға дейін жеткізеді, оның үстіне кредит төлеуге де, процент төлеуге де ақша табылады. Чудеса!
Әзіл ғой. Магия емес, просто кредиттің жауапкершілігімен қаржылық дисциплина да келеді.
Ал енді по секрету айтып қояйын. Егер қаржылық дисциплина 6 ай ертерек келсе, әр шығыстан кем дегенде 20% үнемдейсіз.
Түсіндіріп көрейін.
Біріншіден жалақыдан жалақыға өмір сүрсеңіз, уже кредит мойныңызда деп санауға болады. Холодильник сынып қалады, газплита, батарея ағып ремонт істейсіз, ауырып дәрі аласыз және жұмысқа бара алмайсыз.
Көзделмеген шығыстар өмірдің ажырамас бөлігі!
Сондықтан ақшаны депозитке сақтап қоймайтын адам кредит қапқанына өзі бара жатыр десеңіз де болады. Көзделмеген шығыстарға ақша әр адамда болу керек.
Екіншіден, кредит алатын адамда әдетте басқа вариант жоқ, сондықтан кредит беретіндер оны өз табысына пайдаланады, әдейі жоғары % қойып қояды және түсініксіз шарттарды қоса салады.
Сондықтан, кредиттің құлына айналмау үшін, төмендегі нұсқауларды оқып алыңыз.
1. Кредитке жеткізбеңіз
Бұл вообще сәттің өмірдің правило номер один! Логикасы айқын. Егер сізге кредитсіз өмірге ақша жетпесе, кредитпен тем более жетпейді.
Кредитпен реально қанша артық төлейтінін айтып кетейік. 120 мың тұратын холодильник алайық. Қазіргі заманда кредиттің пайызын технично бағаның ішіне тығып қояды да, беспроцентная рассрочка деп сатады. Сенбеңіз!
Егер рассрочканың орнына депозитке ақша жинап алсаңыз, депозиттің проценті и каспи бонуспен холодильник бағасы уже 103 мың болады. Вот вам и фокус покус, артық қалған ақша. Жинап отырыңыз, жаңа пәтерге.
Хотя конечно ең дұрыс 40 мыңнан нормальный б/у холодильник алу ғой.
Егер депозитке ақша жинау қиын болса, представьте что уже кредитіңіз бар и оған төлеп отырсыз ай сайын. Вот и все, лайфхак қой! Еще ақшаны үнемдеу тәсілдерін қолданыңыз. Себебі кредитке жеткізбейтін жол біреу ақ – ол заначканың болуы.
Ал заначка үнемдеуден және қосымша табыстан пайда болады. Сондықтан қосымша табыс туралы анда-санда ойлауды ұмытпаңыз. Өй қайдағы анда-санда, постоянно ойлау керек, анау сағат сегізде сериалды сияқты.
А вообще өмірде уайымдамаңыз. Қиындықтар болса да, бәрі уақытша. Қалағанын бәрін алатын уақыт та болады.
2. Табысты үлкейту әрқашан ойыңызда болсын
Табысты қалай үлкейтем деген ой постоянно болу керек. Таңертен оянғанда сразу “табысты жоғарылатам!” деп бір-екі рет айтып қойыңыз.
Мен вообще сіздерге по секрету айтып қояйын. Секрет деген кино қарадым, өте секретный. Сонда осындай секрет айтады екен: не ойлап жүрсеңіз, сол келеді. Сенбесеңіз төмендегі суретке қараңыз:
Ал енді табысты жоғарылатуды ойлаңыз!!
Мүмкін үйдің қасында екі организацияда на пол ставки жұмысқа түссеңіз табысыңыз 50% өседі. Немесе басқа жерде жалақы жоғары болуы мүмкін. Қарадыңыз ба?
Әлде қазіргі жұмысыңызда бастығыңыз сізге прибавка беруге қарсы емес шығар. Сұрадыңыз ба?
Тяньши, amway сияқтыларды сатсаңыз табысыңызға сол депозитке салатын айына 20 мың теңге алсаңыз қайтеді.
В общем, табысты әкелетін жағдайлардың арасында үнемі жүресіз. Оны байқауды және пайдалануды үйреніңіз.
И главное!! Қосымша табысты жаңа туфлиге құртпаңыз, депозитке салыңыз. Тек кредит алатын тура келетін жағдайда пайдалануға болады.
Ондай жағдай болмаса тіпті жақсы. Жаңа пәтерге жинала берсін.
Кішкентай жасыңызда миллионер болам деп армандадыңыз ба? Так вот:
Домбыраны күнде тартпай, күйші болмайсын. Табысты күнде іздемей, миллионер болмайсын.
analar.kz
3. Кредит алыңыз
Бөлім тақырыбы қате емес, кредит алу дұрыс болатын жағдайлар да бар.
Егер сіз бірденені үнемі жалға алуға мәжбүр болсаңыз, одан гөрі кредитке сатып алыңыз. Мысалы:
- жұмыс үшін керек машинаны, құралдарды,
- отбасыңыз тұратын пәтерді.
Ондай жағдайларда кредит алып, өз меншікке төлеу дұрыс болады.
Бірақ, кредит алғанда сақ болыңыз. Кредиттер алуан түрлі болады. Салыстырғанда мыналарды қараңыз.
4. Кредит алғанда неден байқау керек
Кредит пайызы – кредит пайыздарын қарағанда ГЭСВ деген пайызды салыстырыңыз. Ол жылдың ішінде реально қанша пайыз үстіне келетінін көрсетеді.
Басқа пайыздар түрлерін айтпай-ақ қояйын, оларды қарамаңыз-да, құлаққа тебетін пәлелер олар.
ГЭСВ – годовая эффективная ставка вознаграждения. Тек осыған қараңыз.
Страхование жизни деген еще бар. Ол кредитке внаглую қосымша пайыз іліп жіберу. Осы страховкаларды сол банк құрған сақтандыру компаниясы сатады если что.
Причем өмірді сақтандыру кейде конкретно қымбат болады. Бүкіл 10 млн сомаға жылына 5% салып жібереді. Ол кредиттің 15% пайызына тағы 5% қосу, яғни бағасы шіркін 33%-ға өседі. Сосын ол ақшаға олар Турцияда корпоратив өткізеді, ал сіз қаласыз, тиін санап.
Еще кейбіреулерде 5 млн қайтарғанда, анау 5% он миллионнан санай береді. В общем сақ болыңыздар, договорды жақсылап оқыңыздар. Сразу соглашаться етпеңіз.
Екінші, үшінші банктен сұрап көріңіз, мүмкін олардың менеджері сізге % түсіре алады, немесе өмірді сақтандыруды қажет етпейді.
Бір күнді жұмсап банктерді аралаңыз, мүмкін өзіңіздің 1 ай, 6 ай, кейде 1-2 жылдық жалақы ақшаңызды үнемдеп қоясыз. Ол сіздің өміріңіздің 1-2 жылы, жұмыста өткізген! Өмірдің бір жылын сақтап қалу үшін бір күнді банк аралауға жұмсауға наверно можно да?
Еще кейбір жерлерде кредитке поручитель деген адамды қажет етеді. Типа сіз төлей алмасаңыз, ол адам төлейді. Ал по факту примерно осылай болуы мүмкін:
- Сіз кредитті төлеп жатасыз. Олар сол ақшаны ала береді. Сосын сіз төлей алмағанда олар сіз кредитке алған пәтерді сатып жібереді, аукционнан, непонятный бағамен… И если ол ақша жетпесе, то еще поручительден сот арқылы жетпеген ақшаны алып алады.
Поручительсіз кредит сұраңыз. Поручитель болатын ешкім жоқ деп айтыңыз. Пәтер бар ғой уже, залогқа қалдыратын.
5. Очередьсіз, сізді сипап, құшақтаған қызмет жерлерде не расслабляйтесь
Бұл не только кредит туралы, любой қызмет немесе тауар сататын жерде есіңізде болсын. Әдемі офистің бағасы, жақсы менеджердің жалақысы, очередьдің болмауы, оның бәрін ұйымдастыру үшін ақша қажет. Ол ақша қызметтің, тауардың бағасында отыр. Мүмкін попроще жерге барсаңыз, тура сол нәрсе арзанырақ болады.
Бірақ әрқашан емес. Кейде арзан жерге барсаң, тура сен қалаған нәрсеге өтірік жоғары бағаны қойып қояды. Сондықтан үнемі салыстырыңыз қымбат затты да, арзан затты да.
Көп сөз болып кетті.
В общем жай отырмандар. Айналаға қарандар. Табыс іздеңдер.
На крайняк өз істей алатын нәрсені соседский ватсапта жариялап, ақша табуға болады. Жалқау болмаңыздар, миыңызды шайқаңыздар кішкене болса да.
Оқығаныңыз қызықты болды надеюсь, так сказать көңілге. Негізгі мақсаты сол еді, көңіл көтеру. Ал кредит-мредитті менсіз ақ білесіндер ғой. Назарларыңызға рахмет. Аман-сау болыңыздар.
Келе жатқан 14 февраля ұмытпаңыздар. А то косякта жүретік боласыздар!!!